18 Желтоқсан, 2019 Саясат
Qamshy.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Тоқаевтың жарлығы бүгін, 18 желтоқсанда Ақорда сайтында жарияланды.
Тоқаев Кәлетаевты 2019 жылдың 25 наурызында осы қызметке тағайындаған. Ал оның қандай қызметке ауысқаны әлі хабарланбады.
47 жастағы Кәлетаев бұған дейін президен әкімшілігінде, биліктегі "Нұр Отан" партиясында лауазымды қызметтер атқарған. Сонымен қатар ол "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры қызметін атқарған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір