• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:15:24
Алматы
+12°

09 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар

Назарбаевты тағы да Нобель сыйлығына ұсынды

"Бейбітшілік үшін күрескен ұлы адамға – Қазақстанның тұңғыш президентіне Нобель сыйлығын беру туралы ұсыныс айтамыз"

lb.ua

«Біздің ұрпақ» ҮЕҰ-ның кезекті отырысында өскемендік белсенді зейнеткерлер 8 рет ең беделді халықаралық награда, Нобель сыйлығына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынуға шешім қабылдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі m.ustinka.kz сайтының дерегін негізге алып. 

"Біз бұл шешімге бірауыздан дауыс бердік. Бізді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар да қолдады. Тұңғыш Президентімізге Семей ядролық полигонының жабылуы және оның бейбіт бастамалары үшін ризашылық білдіргендердің барлығына қосылыңыздар. Қазақстанның тұңғыш президеті елдің дамуына барын салды және шынайы нәтижеге жетті. Бұдан бөлек, ол әлемдік дамуға да үлесін қосты. Жапония парламенті Назарбаев президент болып жүргенде ядролық қарудан бас тартуға зор еңбек сіңіргенін жақсы біледі. Сондықтан мен және менің әріптестерім, жапон саясаткерлері айтқандай, бейбітшілік үшін күрескен ұлы адамға – Қазақстанның тұңғыш президентіне Нобель сыйлығын беру туралы ұсыныс айтамыз", - деді қоғамдық белсенділер төрайымы Марина Соловьева.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевты осымен сегізінші рет Нобель сыйлығына ұсынып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір