• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:07:47
Алматы
+12°

Тренд пен бүгінгі күннің шындығына айналған қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үрдісі жаңа қос қызметпен толықпақ. Оны Halyk Bank ұсынып отыр.

Алғашқысы – android смартфондарға арналған homebank мобильдік қосымшасы арқылы арнайы POS-терминалдарда жанасусыз төлем жасау қызметі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін смартфонда NFC модулі орнатылған болуы керек. Сондай-ақ мобильдік қосымшаға тіркеу арқылы кез келген Visa картасымен төлеу жасауға болады.

Банк өкілдерінің айтуынша, электрондық төлемнің бұл түрі қауіпсіз. Өйткені қосымшаға қосылған құрылғы банк картасының нөмірін сақтамайды екен.

Карта тіркелген homebank қосымшасы арқылы төлем жасау оп-оңай. Бар болғаны қосымшаға кіріп, NFC төлем жасау белгісін таңдаған соң смартфонды жанасусыз төлем жасау функциясы бар POS-терминалға жақындату керек. Бары сол. Аталмыш қызмет жуық аралықта homebank қолданушыларына жаңарту келген сәттен қол жетімді болмақ.

а

Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Асқар Смағұловтың сөзінше, Halyk Bank жанасусыз төлем жасаудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді дамытып келеді.

Банктің қолма-қол ақшасыз төлем жасаудағы жаңашылдықтары таныстырылған шарадағы ұсынылған кезекті қызмет түрі Tap to Phone технологиясы.

Halyk Bank және Visa компаниясы бірлесіп жасаған инновациялық технология NFC-модулі бар Android базасындағы смартфонды қосымша жабдықсыз POS-терминалға айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл шешім орта және шағын бизнес кәсіпорындарының операциялық қызметін жеңілдетеді. Жанасусыз төлемдерді қабылдау желісін айтарлықтай кеңейтіп, сауда нүктелерінің клиенттер базасын ұлғайтуды және эквайринг қызметтеріне қосылу құнын барынша азайтуға жол ашады.

Кәсіпкер Tap to Phone арқылы төлемдерді қабылдау үшін Payswiff компаниясы әзірлеген Halyk Pos қосымшасын жүктеп алып, Halyk Bank-пен эквайринг шартын жасауы тиіс.

Бүгінде тестілеуден өтіп жатқан ұосымша 2020 жылы іске қосылмақ.

Visa-ның Орталық Азиядағы бас менеджері Әлия Чыныбаеваның айтуынша, Қазақстанда, ірі қалалардан тыс жерлерде, әсіресе өңірлерде қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау желісі, әлі де дамуы қажет. Бүгінде елдегі әрбір 1 000 тұрғынға төлем қабылдайтын 10 терминалдан келеді екен. Бұл көрсеткіш нарықтың цифрлы жолға толықтай көшуге жеткіліксіз екенін айғақтайды. Сондықтан Tap to Phone технологиясы сынды шешімдердің дүниеге келуі аса маңызды.

 а

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір