06 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар
Қырымның бұрынғы бас прокуроры: Еуропа Тоқаев, Нығматулин, Назарбаевтан үлгі алуы тиіс
Бұл сонда абайсызда айтылған сөз бе, әлде...
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың немістің Deutsche Welle тілшісіне берген сұхбаты қоғамда әлі әртүрлі пікір туғызып жатыр. Аталған сұхбатта Қазақстан мемлекетінің басшысы «Ресей мен Қырымың қосылуын аннексия деп атауға келмейді» дегені белгілі.
–Аннексия сөзін Қырымға қатысты қолдану ауыр –деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.
–Басқалармен қарым-қатынас принципіндегі «абырой», «ар-намыс» сөзі Қазақстан мемлекеті басшысының пісіп-жетілген, батыл және шынайы позициясын көрсетеді. Ал кезінде өз таңдауын жасаған Қырым халқы мұндай көзқарасты жоғары бағалайды. Сондықтан Еуропа елдерінің басшыларын Қазақстан лидері Тоқаев, Нығматулин және Назарбаевтан үлгі алуға шақырамын,– деді РИА Новости порталына берген сұхбатында Қырым Республикасының бұрынғы бас прокуроры, бүгінде Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты болып отырған Наталья Поклонская.
Ескерте кетейік, президент Тоқаевтың пікіріне қатысты Украина Сыртқы істер министрлігі осы елдегі Қазақстан елшісін шақырып алып, пікірді талқыға салғаны белгілі. Сондай-ақ олар наразылығын да білдірді. Ал Ресей жағы Тоқаевтың пікіріне қуанып, қолдап, қуаттап жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір