• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 07:37:27
Алматы
+12°

Қазақстанның білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы бас директоры Рамазан Әлімқұлов пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Ведомствоның хабарлауынша,  мамыр айында пара алды деген күдікке ілінген Әлімқұловтың ісіне қатысты жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталған.

"Ол қонақүй қызметін көрсету бойынша шарттарды бұзбай, ұзартып, ондағы орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойды, сондай-ақ 5 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталды. 22 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Әлімқұлов пара алды деп айыпталып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған тұлға мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды» делінген агенттіктің хабарламасында. 

Рамазан Әлімқұлов биыл мамыр айында "делдалдар арқылы жүйелі түрде ірі көлемде пара алған" деген күдікпен ұсталған.

 

 



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір