Төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Сауль Альварес орта салмаққа қайта оралып, Ресей боксшысы Сергей Ковалевпен жекпе-жек кезінде жеңіп алған жартылай ауыр салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартпақшы деп жазды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Чемпионат. сайтына сілтеме жасап.
Еске салсақ, 3 қараша күні Сауль Канело Альварес 36 жастағы ресейлік Сергей Krusher Ковалевті нокаутқа жіберген болатын. Жекпе-жек 11 раундта аяқталды. Ковалев үшін бұл жекпе-жек кәсіби карьерасындағы төртінші жеңіліс болған еді.
Бұған дейін Канело қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен орта салмақтағы чемпиондық белбеуді тартып алған еді. Қазіргі таңда бокс фанаттары Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті күтіп жүр.
Пікір қалдыру
пікір