01 Қараша, 2019 NEWS
Елімізде жыл басынан бері есірткі заттарын жарнамалайтын 5 мың сайт бұғатталды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Есірткіні заманға сай әдістермен тарату көзі ретінде өткізушілер интернет-технологиялардың барлық әлеуетін пайдалануда. Сайттар мен әлеуметтік желілер, Инстаграм, Телеграм, Фейсбук, сонымен бірге киви-әмиян, Яндекс олардың құралына айналған. Жыл басынан бері ІІМ 5 мың сайтты анықталып, олар бұғатталды.
Халықтың, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен есірткі сатылатын сайттарға сілтеме жасайтын мыңнан аса графити-сурет жойылды", – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Тілеген Маткенов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Департамент басшысының мәлімдеуінше, республикадағы есірткіге қатысты ахуалға ауқымды деңгейде Шудағы шикізаттық база әсер етеді.
"Есірткінің елдің аумағындағы таралуына жол бермеу үшін біз жыл сайын "Көкнар" операциясын өткіземіз. Биыл операция барысында 898 есірткіге қатысты қылмыс анықталды. Оның 411-і өткізумен байланысты болса, 156 жағдайы аса ірі көлемде сақтаумен байланысты болған. 17 тонна есірткі түрлері тәркіленді",– деп департамент басшысы сөзін түйіндеді.
Еске салсақ, бұған дейін Тілеген Маткенов есірткімен айналысқан 5 қылмыстық топтың әрекетіне шектеу қойылғанын айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір