• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:02:29
Алматы
+12°

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға қатысты бірнеше ұсыныс жасалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Үкімет отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген вице-министр Ақмәди Сарбасов осы мәселені талқылау барысында бірнеше ұсыныс қаралғанын, бірақ, вице-министр нақты қандай ұсыныстар екенін айтпады. Себебі, оның айтуынша  жұмыс тобы әлі бір шешімге келмеген.

"Зейнетақы жинақтары баспана мен білімге жұмсалуы қажет. Тапсырма солай болды. Осыған байланысты жинақтарды пайдаланудың сан алуан жолдары қаралып жатыр. Бірақ әзірше нақты нұсқалар жоқ. Барлық ұсынысты жан-жақты зерделеу керек. Себебі әрбір адамның жинаған зейнетақы жарнасы әртүрлі", – дейді Сарбасов.

Оның айтуынша, нақты ұсыныстар жылдың аяғына дейін әзірленеді.

"Бізде тапсырма бар. Жылдың соңына дейін нақты ұсыныстар дайын болады. Жұмыс тобының жұмысы жалғасып жатыр. Бір айдың ішінде кейбір мәселелер пысықталады деп ойлаймын. Енді, дәл қазір өзара келісілген ұсыныстар жоқ. Сол себепті әзірше ештеңе айта алмаймын", – деп сөзін қортындылады Сарбасов.

Еске салсақ, қыркүйек айында  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты тапсырма берген болатын.

"Үкіметке жылдың аяғына дейін жұмыс істейтін азаматтар үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын. Мәселен, ол ақшаны баспананы сатып алуға және білім алуға жұмсауға болады", – деді мемлекет басшысы.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір