26 Қазан, 2019 Экономика
Елімізде зейнетақы қоры қанша қаражат жинағаны мен ол ақшаны Ұлттық банк қайда жұмсағаны белгілі болды.
Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы 20 миллиард теңгені "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының облигациясын сатып алуға жұмсаған. Оның табыстылығы – жылына 11,5%.
Биылғы жылдың 1 қазанына дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активі портфелінің көлемі 10 426,3 миллиард теңге болды. Ақша мен ұлттық валютадағы қаржы тетігі 6 850,6 миллиард теңге немесе 65,7%. Шетелдік валютада - 3 575,7 миллиард теңге немесе 34,3%.
Еске салсақ, өткен жылдың қыркүйек айында зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 55,3 миллиард теңгеге жетті.
Ал 2019 жылдың қыркүйек айында Ұлттық банк БЖЗҚ есебінен қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарының негізгі қарызын өтеді. Жалпы сомасы - 16,9 миллиард теңге.
Одан өзге Қазақстанның екінші деңгейлі банк депозиттерінің негізгі қарызының 1,4 миллиард теңгесі өтелді. Салымшылардың есебіне түскен зейнетақы активтерінің табысы 2019 жылдың басынан бері 4,98% болды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір