• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:51:32
Алматы
+12°

Ұлттық сараптама орталығы Алматы ауасының ластану деңгейі жоғары екенін анықтады, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Жылдық жоспарға сәйкес, Ұлттық сараптама орталығы қаланың ауа бассейнінің жай-күйін анықтау үшін зертханалық мониторинг жүргізді. 2019 жылдың бірінші жартысында атмосфералық ауаға 1576 зерттеу жүргізіліп, оның ішінде 431 сынамада сәйкессіздік анықталды.

"Зерттеу барысында атмосфералық ауаның санитарлық нормаларына сәйкес еместігі анықталды. Азот диоксиді мөлшері рұқсат етілген концентрациядан 2,2 есе, күкірт диоксиді 1,2 және көміртек тотығы 1,4 еседен асты. Бұл ластаушы заттар негізінен экологиялық қауіп туғызып, адам денсаулығына кері әсер етеді", – деп хабарлады Ұлттық сараптама орталығы.

Ауаның ластануы көп адамда қалыпты жағдайда сезілмегенімен, дене тіндерінде оттегінің жетіспеушілігін тудырады. Бұл кезде адамның басы ауырып, жүрегі айнып, есінен тануы мүмкін.

"Азот диоксидінің ауада болуы көміртегі шығаратын газдармен әрекеттескенде фотохимиялық тұманның пайда болуына ықпал етеді. Азот диоксиді –  бұл сарғыш-қоңыр түсті газ, ол көру қабілетін нашарлатады, ауаға қоңыр рең береді, өте уытты, бронхит ауруын тудырады және ағзаның тыныс алу органдарындағы ауруларға төтеп беруін төмендетеді", – деп түсіндірді мамандар.

Сарапшылар қаладағы ауаның ластануының негізгі себептерін атады. Ол – автокөлік қозғалысы кезінде бөлінетін көміртек және кәсіпорындардан шығатын зиянды заттар. Сондай-ақ мамандар көптеген кәсіпорындар әлі күнге дейін ескірген технологиямен жұмыс істейтінін атап өтті.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір