• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 11:31:58
Алматы
+12°

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрлік қайта құрылатынын жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі министрдің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

Министрлік жұмысының тиімділігін арттыру - маңызды мәселе. Бұл -ішкі бизнес-процестерді реттеу, кейбір функциялардың қайталануын болдырмау, әр қызметкерге нақты міндеттер жүктеу, бөлімшелердің жұмысын оңтайландыру мен олардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету және т. б.
Біз министрлік жұмысына функционалдық талдау жүргіздік. Біраз мәселелер өзгерістерді қажет ететіндігі анықталды.

Мәселен, негізгі бөлімшелердің жұмысында басты назар стратегиялық басымдылықтарды анықтап, білім беру саясатын белгілеуге емес, ағымдағы операциялық-шаруашылық жұмыстарға аударылған.

Мектепке дейінгі және орта білім беру, ТжКБ және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру секілді негізгі департаменттер өздеріне тән емес қызмет атқарады.

Атап айтқанда конкурстық рәсімдерді жүргізу, мемлекеттік сатып алулардың техникалық сипаттамаларын әзірлеу, атқарылған жұмыстардың есебін қабылдау, актілерге қол қою, бюджеттік өтінімдерді жасау және т.с.

Сөйте тұра, нормативті құжаттармен жұмыс істеу және өз саласындағы жұмысты үйлестіру сияқты басты міндеттеріне қажетті деңгейде көңіл бөлінбей келеді.

Бірқатар қызметкерлер мен бөлімшелерде функциялардың қайталануы мен қарама-қайшылықтар анықталды.

Құрылымдық бөлімшелердің жүктемелерін талдау да осындай сәйкессіздіктердің көп екендігін көрсетті. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің бір қызметкерінің жүктемесі басқа сервистік департаменттегіден 7 есе артық.

Осы және басқа да мәселелерді шешу үшін министрліктің құрылымында бірқатар өзгерістер орын алмақ.

Енді мемлекеттік сатып алу, орындалған жұмыстардың актілерін қабылдау, бюджетті игеру, техникалық сипаттамаларды жасау сияқты барлық міндеттер қаржы департаментіне жүктеледі. Бюджеттік өтінімдерді әзірлеу мәселелерімен алдағы уақытта Бюджеттік жоспарлау департаменті айналысады.

Вице-министрлер мен салалық департаменттер тек ғана өз бағыттары бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастырумен, осы салалардағы қызметті құқықтық қамтамасыз етумен және үйлестірумен айналысады.

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комитет болып қайта құрылады. Демек Комитеттің миссиясы мен міндеттері де өзгереді. Ендігі міндет - тәртіп бұзушылықты тексеру мен анықтау ғана емес, сонымен бірге әдістемелік көмек көрсету. Өйткені, мақсатымыз - тексеру емес, сондықтан Комитет қандай сыныпта, қандай тақырып бойынша, қай жерде кемшін тұс, түйткілді жерлер бар екенін көрсетіп, осы мәселені шешу үшін егжей-тегжейлі ұсыныстар беретін болады.

Мектепке дейінгі және орта білім департаменті қызметкерлерінің саны басқа бөлімшелердің жұмыскерлерінің есебінен артып, Мектепке дейінгі және орта білім комитеті болып құрылады.

Бұл ретте министрліктің жалпы штат саны артпайды, оның үстіне бос жұмыс орындары есебінен біраз қысқарту жоспарланып отыр.

Министрлік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқыту арқылы жұмыскерлердің әлеуетін күшейту жөніндегі жеке бағдарлама бекітудеміз. Курстарға және магистратурада оқытуға жіберу жөніндегі мақсатты бағдарлама дайындалуда.

Өзгерістер әдетте адамдарды жайлы орыннан қозғайтыны белгілі.
Дегенмен, бизнес-үдерістері, лауазымдық нұсқаулықтар және әрбір бөлімше мен қызметкердің функционалы нақты айқындалып, негізгі басымдықтар мен міндеттердің дұрыс қойылуына, өз кезегінде жұмысымыздың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіндігіне сенімдімін" делінген жазбада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір