• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:16:57
Алматы
+12°

Қазақстан Ирактағы жетімдер үйінде қалған 14 баланы елге қайтаруды жоспарлап отыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы елордада өткен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Ауғанстан жөніндегі отырысында белгілі болды.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бұл мәселе "Жусан" операциясы аясында жүзеге асуы мүмкін екенін атап өтті. Елге қайтарылуы керек балалар бұрын соғыс аймақтарында болған. Олардың аналары өмір бойына бас бостандығынан айырылыпты. Бүлдіршіндердің үлкені 10-да, ал ең кішісі 2 жаста.

Станислав Василенко, ҚР СІМ арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі: Ирак тарапы балаларды қайтаруға келісім беріп отыр. Біз жақын күндері оларды Қазақстанға алып келеміз. Енді бүлдіршіндерді ата-анасының қателігі үшін далада тастай алмаймыз ғой.

Еске сала кетейік, алғашқы ауқымды «Жусан» гуманитарлық операциясы осы жылдың қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен сәтті жүзеге асырылған еді. Нәтижесінде 357 бала соғыс аймақтарынан Отанға оралды. Ал мамыр айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Сириядан тағы 231 қазақстандық эвакуацияланды. Оның ішінде мектепке дейінгі жастағы 156 бала бар, 18-і жетім қалған. Қазір елге қайтарылған 406 бала арнайы оңалтудан өтіп, қоғамға қайта қосылуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір