• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:12:43
Алматы
+12°

04 Қазан, 2019 NEWS

"Мүсірепов" театры хайп қуып кеткен бе?

Қызыл кілімнен бастау алған театр маусымы анайы қойылыммен ашылды.

 Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөсірімдер театрының 74 маусымы ашылды. Қызыққа толы маусымашарға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, продюсерлер, эстрада жұлдыздары  мен театрдың әртістері және театрдың арнайы шақырған құрметті қонақтары қатысты.

 Театр маусымының шымылдығы ағылшын драматургі Рэй Кунидің "№13" қойылымының тұсаукесерімен ашылды. Отқа май құйғандай лезде тұтанған оқиға шиеленістері көрерменді бірде күлкіге қарық қылса, енді бірінде қалың ойға шомылдырды. Қойылымда Ричарт рөлін сомдаған Мақсат Сәбитовтың актерлік шеберлігі көпшілікті тәнті етті. Ал күлкі мен шытырман оқиғаға толы спектакльді өнер ұжымының ондаған әртісі сомдап шықты.

 Ғабит Мүсірепов театрының директоры Азамат Сатыбалды: «Маусым бойы жат күлкімен ғұмыр кешсек деген ниетте маусымның ашылуын "№13" комедия қойылымынан бастағанды жөн көрдік» - деді.

 Әлемдік деңгейдегі ағылшын жазушының шығармасы қазақ тілінде аударылса да, біздің елдің менталитінде сай қамтылуы керек. Қойылым барысында төсек тақырыбы тым анайы көрсетілгені көңілге күпті болды.Ричард және Роннидің сөздеріндегі «Мүшеге» қатысты сөздерден құлақ тұнды. Даяшының да кей қылықтары көзге ерсі көрінді.

Мүсірепов театрының бағыты – балалар мен жасөсірімдерге арналғанын шығараманы аудару барысында Еркін Жуасбек пен қойылым қоюшы-режиссері Ержан Қауланов ескерсе игі еді.

 

 

 

 

 

Ақтолқын Тажикова

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір