03 Қазан, 2019 NEWS
Жезқазған әкімі Қайрат Бегімовке сөгіс жарияланды
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Жезқазған басшысы Қайрат Бегімовке сөгіс жариялады, - деп хабарлайды "Qamshy" ақпарат агенттігі
![](/media/2019/10/03/zhezqazghan-akimi-begimov-qayrat.jpg?width=600&height=480)
Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімінің жұмысын өңір салқын сумен қамтамасыз етілмегендіктен қатты сынаған.
"Мен сумен қамтамасыз ететін бөлім жұмысын теріс бағалаймын. Сонымен қатар, "Қазақмыс" басшылығына хабарлайтыным: қаланы сумен қамтамасыз етуге жауапты барлық адам ұстанымының сәйкестігіне назар аударыңдар", - деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек.
2020 жылы Жезқазғанның бюджеті 5 миллиардқа өседі. Қарағанды облысының әкімі қаражатты қоғамдық мәселені шешуге тиімді қолдануға шақырды.
Жеңіс Қасымбек Жезқазған-Қызылорда трассасы бойынша жөндеу жұмыстары мамырда бітетінін хабарлаған. Ал 2021 жылға қарай Қарағанды-Жезқазған жолында күрделі жұмыс басталатынын мәлімдеген. Еске салсақ, Қайрат Бегімов 2018 жылы Жезқазған әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір