• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:40:03
+12°

Таразда «Жаңа әліпби – жаңғыру жолы» тақырыбында облыстық семинар өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған жиынға тіл мәселесін көтеріп жүрген зиялы қауым өкілдері, оқу орындарындағы жаңа әліпбиді зерттеуші ғалымдар мен филолог мамандар қатысты.

Семинарда мемлекеттік тілдің қазіргі жай-күйі мен даму бағыттары туралы ақпараттар баяндалып, өзекті сауалдарға жауаптар берілді. Сонымен қатар, жаңа емле ережелерін ересектерге меңгертудің ғылыми-практикалық ұстанымдарын оқыту процесінде кездесетін қиындықтарды саралау және оларды шешудің әдістемелік жолдарын қарастырылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығында бекітілген латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиіне көшуге байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27-Ө өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 6 тармағына сәйкес қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде қоғамда кеңінен насихаттау жайы талқыланды.

Жиында тіл мамандары баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды. Мәселен, ономаст ғалым, тіл жанашыры М.Х.Дулати атындағы Тараз мемелекеттік университетінің филология және журналистика кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Зиба Құламанова жаңа әліпби – елдік, егемендік, сауаттылық көрсеткіші екенін айтса, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің доценті, филология ғылымдарының докторы Қасиет Молгаждаров мемлекеттік тіл мәртебесіндегі жаңа әліпбиіміз жайлы ой қозғады. Сондай-ақ, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің басшысы Серікбол Берікқожа баянды бағдарламаның аймақтағы іске асу барысы жайлы мағлұмат беріп өтті. Сонымен қатар, Тараз мемелекеттік педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Тұрсынай Әбдіқадырова, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемелекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Күлзинат Қарымбаева, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Бақтияр Бекназаровтар тақырыпқа қатысты пікірлерін айтты.

Басқосу барысында Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы, жаңа әліпбиді оқыту әдістемесінің тренері Ақбота Ғабдоллақызы «Латын графикасын меңгертудің тиімді жолдары» тақырыбында тренинг өткізді.

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір