18 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар
Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Онды ауылының әкімі Б.Балапан мәлімдеді.
-Әбіш Кекілбайұлының туған жері Онды ауылында жасалынып жатқан құрылыс жұмыстарына тоқталсам, Онды ауылына кіре берістегі 8 шақырым жолға «МКДСМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектепке «Нұрлы Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жылу қазандықтары ауыстырылды, автотұрақ орнатылды, бручатка төселіп, жұмыстары аяқталды. «Ай-Ана» мемориалды кешенін ағымдағы жөндеу жұмысын «Қазақ соқырлар қоғамының Ақтау оқу-өндіріс кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіп алды. Жөндеу жұмыстары аяқталды. «Құлыншақ» бала бақшасының жөндеу жұмыстары аяқталды. Ә.Кекілбайұлы атындағы паркті жөндеу жұмыстары бойынша 500 ш.м жерге бручатка төселіп, су құбыры тартылып, қоршауы ауыстырылады. Орталық паркті суландыру, ағымдағы жөндеу, абаттандыру, парк ішіндегі обелискіні жөндеу жұмыстары жүрді, тұрбалар тартылып, 500 ш.м жерге бручатка төселіп, ағаштары бұтақталып, жаңадан қақпа орнатылды, деді ол.
Ашық спорт алаңына «Нұрлы Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Қызыл там» бұлағы басын абаттандыру жұмыстарына 6,3 млн. теңге бөлініп, бұлақтар басы табиғи таспен өріліп, қоршауы салынып, бручатка төсеу, жарық тарту жұмыстарын жүргізді.
Онды мешіті құрылысы аяқталуға жақын. Ішкі жұмыстары, есік, терезесі салынып, сыртқа бручатка төсеу, шарбақ қалау жұмыстары жүріп жатыр.
Әкімшілік ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарын «Ақдәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жасап шықты. Онды ауылына кіре берістегі көше бетіндегі 50 тұрғын үй мен 8 сауда нүктелері иелерімен кездесіп, тұрғын үйлер мен сауда нысандарының сыртын, шарбақтарын әрлеу жұмыстарын жүргізу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде 40 тұрғын үй, 6 кәсіпкерлік нысан әрлеу жұмыстарын жүргізді.
Онды мектебіне Әбіш Кекілбайұлының аты берілгелі мектепте Республикалық Әбіш оқулары байқауы екі рет өткізілген. Байқауға 14 облыстан қатысушылар келді. Сондай-ақ заңғар жазушының атындағы мектептің алдына кемеңгер тұлғаның кеуде мүсіні қойылатын болады. Биіктігі 3 метр бюсттің мүсіні тастан қашалып, ал тұғыры граниттен жасалуда.
Ауылдағы жөндеу жүргізіліп, құрылысы салынып жатқан нысандарды республикалық дәрежедегі қонақтардың қатысуымен ашуды жоспарлап отырмыз. Киіз үйлер қалашығын аудан орталығынан тігуді, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіп, Әбіш ағамыз бен Фариза апамыздың шығармашылығына арналған әрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық деңгейдегі «Сөз бен Саз» бағдарламасын ұйымдастыру жоспарда бар. Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе селосында 30-ға жуық үй тігіліп, мерекелік асқа бір мезгілде 2000 адам қатысады деген жоспар бар.
Бұдан бөлек көптеген шаралар осы мерейтой аясында облыс, аудан орталығында өткізілетін болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір