• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:56:48
Алматы
+12°

05 Тамыз, 2019 Барлық аймақтар

Әрине, 2010 жылдарға дейін «жасыл экономика» жайлы әңгіме толыққанды айтылған жоқ. Рио+20 саммитінен кейін бұл тақырып бүкіләлемдік өткір мәселеге айнала бастады. Бұл сөз жоқ, бәрібір күндердің күнінде ортақ тақырып пен тұжырымға айналатыны сөзсіз еді. Сондықтан да Қазақстан Президентінің «жасыл экономиканы» дамыту  жөніндегі бастамасы Рио-де Жанейрода өткен саммитте келелі әңгіме болды. Бұл қазір бүкіл әлем үшін де өткір түйткілді мәселе. Сондықтан да жыл өткен сайын күн тәртібіне шыға береді.

Жалпы «жасыл экономика» дегеніміз не? Оның бүкіләлемдік ортақ формуласы бар ма? Оны жұртшылық қалай түсінеді? Расында да бір нәрсе түсінікті. Рио+20 саммитінен кейін «жасыл экономика» өндіріске өзгеше сипат беретін маңызды құралға айналды. Ендеше...

Біріншіден, бұл – экономиканы дамытудың жаңа моделі.

Екіншіден, адамдардың денсаулығы мен тұрмысын жақсартады.

Үшіншіден, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіреді.

Төртіншіден, қоршаған ортаның тепе - теңдігінің бұзылуын қалпына келтіреді.

Бесіншіден, экологиялық проблеманы жояды.

Алтыншыдан, қосымша жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді.

Расында да «жасыл экономика» туралы сөз еткенде, ең алдымен біздің көз алдымызға қоршаған ортына қорғау, экономика мен адамдардың әл-ауқатының артуы келетіні рас. Шындығында да бұл ұғым бір-бірімен тығыз байланысты. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұжырымдамасы «жасыл экономиканы» әлеуметтік тепе –теңдікті қалпына келтіріп, экологиялық дегдарацияны азайтатын және халықтың жағдайын артыратын құрал ретінде қарастырады. Демек...

  1. Жасыл экономика бұл – экономиканың тыңнан қосылған жаңа саласы.
  2. Бұл – табиғатқа залал келтірмейтін жаңа технология
  3. Бұл – еш қоспасы жоқ экологиялық таза өнім.
  4. Бұл – табиғи қорларды тиімді пайдалану.
  5. Сарқылауға айналған пайдалы қазбаларды үнемдеп пайдалану.

Бұл жерде біз тағы бір нәрсені ұмытпауға тиіспіз. «Жасыл экономиканың» негізінде   «жасыл технологиялар» жатыр.  «Жасыл технология» бұл өндірісте пайдалынатын автоматтандырылған техникалық құрылғы-жабдықтар. Расында да «жасыл экономика» ең алдымен қоршаған ортаға зиянын тигізбейді. Мысалы, көптеген кәсіпорындардың ауласында өндірістік қалдықтар үйіліп жатады. Оны көбінесе, қалдық төгетін полигондарға апарып төгеді. Олар жыл бойы онда бықсып жатады. Қоршаған ортаны, атмосфераны былғайды. Кейде қоқыс полигоны өртке оранып жатады. Ал «жасыл  экономика» немесе «жасыл технология» осы өндірістен шыққан қалдықтардың өзін өңдеп, оны тағы бір рет пайдалана алады. Сөйтіп өндірістен тағы тағы бір дайын өнім шығарады. Сондықтан екеуінің ұғымы ­– бір. Технологиясыз «жасыл экономика» ешқашан дамымайды. Расын айту керек, жаңадан жаңғыртылатын баламалы энергия көздері арқылы болашақта жалпы ішкі өнім 3 пайызға ұлғаяды деген дерек бар. Әрине, бұл сенімді. Егер жалпы ішкі өнім 3 пайызға ұлғайған жағдайда Қазақстанда жаңадан 500  мың жұмыс орындары құрылады. Бұдан шығатын қорытынды не? «Жасыл экономика» да экономиканың дамуына айрықша  серпіліс береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір