04 Қыркүйек, 2019 Арнайы жобалар
Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан Халқына жолдауын оқып, талқылады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі директоры Кабиева Роза Қасымбекқызы жолдауды қызметкерлерге таныстыра отырып, президенттің мәдениет қызметкерлерді қолдау туралы пунктіне баса тоқталды.
"Ел болашағы үшін аса маңызды жолдау. Кітапхана білім, мәдениет ошағы, ақпарат орталығы болғандықтан осы жолдаудың халыққа жетуіне және еліміздің әрбір азаматы мүдделі екенін жеткізу үшін бірқатар іс-шаралар, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
"Бұл- мәдениет қызметкерлерін қолдау. Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде. Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс. Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек» делінген жолдауда.
Ендеше, Президенттің мәдениет қызметкерлерін қолдау туралы айтқаны қоғамда кітапханашының статусын көтеріп, беделін арттырары сөзсіз» - деді өз сөзінде Роза Қасымбекқызы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір