• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 02:01:04
Алматы
+12°

25 Тамыз, 2019 Барлық аймақтар

Біз байқай бермейміз. Жалпы уақыт жылдам өтіп жатады. Бірақ оны тиімді пайдаланудың әдісі көп. Негізі жапондық философия кайдзен тцуралы әңгіме қозғалғанда, біз оны үнемі өндіріс процесімен немесе бизнеспен шатастырып жатамыз. Бірақ кайдзен жүйесін күнделікті өміріңізге де пайдалануға болады. Ал оның пайдасы өте зор. Тек біле бермейтініміз өкінішті.

Жалпы адам баласына тән бір жаман әдет бар. Кей сәтте қиналсақ, «оны ертең -ақ бастай салайыншы» деп жалқауланатынымыз бар. Бұл жалқаулық та болуы мүмкін. Оның үстіне бір жұмысты үнемі істей берсең ол жалықтырып жібермей ме? Ондай жағдайда не істеу керек? Тірлікті өзгертіп тұру керек. Тағы бір мысал, аптасына үш рет жаттығу залына барасыз. Ол айға, сосын жылға созылады. Бір сарынды тірлік сосын сізді жалықтырып жіберді де, бәрін тастап кеттіңіз. Тағы да «не істеу керек?» деген сауал алдыңыздан шығады. Мұндай жағдайда не істеген дұрыс? Әрине, иығыңызға жүк көп түсті, бұл әрекет сізді шаршатты. Түсінуге тұрарлық нәрсе. Дегенмен оның жолын табуға болады, шектен тыс дене қимылы әрине адамды шаршатып жібереді..

Мұндай жағдайда сізге кайдзен көмектеседі, онда 1 миннуттың қадірін білуге тұрарлық амал-әрекет бар. Ол не сонда? Бұл – 1 минуттық іс-әрекет. Бұл әдістің мәні мынада: Сізге мысалы, бір аптада 3 рет жаттығу залына барып, шаршап-шалдығып қайтудың қажеті жоқ. Күнделікті белгілі бір уақытта жаттығуды 1 минуттың ішінде бастап кетіңіз.  1 минут адамның уақытын көп алмайды. 1 минутта талай нәрсе істей аласыз. Скакалкамен секіруге болады, сан түрлі жаттығу жасауға мүмкіндік бар. Осылай уақытты бағалай білсеңіз, бір минуттың бар өміріңіздің мәні екенін түсіне аласыз. 1 минутта жасайтын жаттығуға алғашқыда жарты сағат арнаудың қажеті шамалы. Әр минутта әртүрлі жаттығу жасаңыз. Демек, бұдан шығатын қорытынды не? Сіз ең бастысы, жалқаулықтан мүлде арыласыз. Еріншектік сіздің жолыңызда үнемі көсе көлденеңдеп тұрмайды. Одан кейін...

Ары қарай сіздің уақытты бағалау принципіңіз басталады. 1 минут ұзарып, 5 минуттық әрекетке ұласуы ықтимал. Демек сіз кішкентай қадам арқылы үлкен мүмкіндіктерге жол ашып отырсыз. Ал одан ары 5 минутта жасалатын әрекет кейіннен жарты сағатқа созылуы мүмкін. Ұзамай мұның да нәтижесі көріне бастайды.

Жапонияда өмірге келген бұл кайдзен философиясының авторы – Масааки Имаи. Масааки Имаидың айтуына қарағанда, бұл тұжырымдаманы бизнесте де, жеке өмірде пайдалануға болады. Демек, біздің шығаратын қорытынды: Адам баласының өз өмірін өзгертіп отыруға мүмкіндігі өте мол. Ол үшін кайдзеннің амал-тәсілін өміріңізге мұрат етіңіз. Кайдзен жеке өміріңізді тұрақты түрде үнемі өзгертіп отыруға көмектеседі. Өйткені уақыт өлшеулі, әр минуттың қадірі бар..

Еркін Қалдан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір