• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:13:18
Алматы
+12°

Атырау қаласының түнгі клубтарының бірінде  жартылай жалаңаш қыздар "Адай" күйіне биледі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Шынарбек Қабиев есімді фейсбук қолданушысы өз парақшасында жазды.

"30-нан 31-ші тамызға қараған түні Атырау қаласында жаңадан "BLACKBERRY" (@bberrykz) түнгі жын-ойнақ клубы реконструкциядан кейiн ашылуында Адай күйіне жартылай жалаңаш қыздар стриптиз билеп Қазақтың күйін ез қылып жатыр! Атыраудағы бауырлар неге мән жайсыз бұндай дүниелерге жол беруде?!? Клуб әкімшілігі, ұйымдастырушылары, диджей және қыздардан ресми кешірім сұрауын талап етеміз!!!

Құрметті облыс басшылары. Ватсап желісінде осы ақпарат тарап жатыр. Анықтап шарасын алу керек деп ойлаймын. Қаншалықты рас екенін тексеру керек.

Егер жағдай анықталып рас болса Мейрамxана әкімшілігі ел алдында кешірім сұрауы керек" делінген жазбада.

Оқи отырыңыз, ♦Түнгі клубтағы "Адай": Атырау  облысы әкімшілігі кешірім сұрады (видео)


 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір