• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:51:13
Алматы
+12°

Адамға денсаулық қымбат. Президент  Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің денсаулық сақтау жүйесі алдына нақты міндеттер қойды. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласы қымбат стационарлық емге емес, аурулардың алдын алуға бағытталуы тиіс екенін айтты. Қоғамдық денсаулық саласын басқаруды күшейтуді, салауатты өмір салтын насихаттауды, жастардың репродуктивті денсаулығын сақтауды және нығайтуды тапсырды. Осыған орай қазіргі кезеңде жергілікті жерлерде президент тапсырмасына орай медицина саласын жақсартуға қатысты жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтар болсақ, Түркістан облысы Отырар ауданында қазіргі уақытта медицина саласын жақсартуға көп көңіл бөлініп келеді. Өйткені, денсаулық зор байлық екенін бәрі де түсінеді. Сондықтан ауыл медицинасын дамыту әрдайым басты назарда болды. Ал алыстағы  ауылдағы денсаулық саласы ешқашан кенжелеп қалмайды.  Расында да солай. Ал ауыл медицинасының ахуалын көтеріп жүрген жасампаз жігіттер бар. Ол – Түркістан облысындағы Отырар аудандық орталық ауруханасының   бас дәрігері Райымбек Берікұлы Тасырбаев.

Қоғам амбулаториясы

–Жалпы ауылдық жердің медицинасы даму қарқыны жағынан аудан орталықтарынан еш кем түспейді. Оның да бірден бір себебі бар. Қазіргі таңда ауылды жердің медицина саласына мемлекет тарапынан көптеп көңіл бөлінуде. Осыған орай, шалғай елдімекен тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Соның бірі – Отырар аудандық орталық ауруханасына қарасты «Қоғам» дәрігерлік амбулаториясы. Жалпы дәрігерлік амбулатория ауылдағы 3535 - тұрғын, оның ішінде 1948 ересектер, 186 - жасөспірім, 1401 -бала, 725 -туу жасындағы әйелдерге медициналық көмек көрсетеді. Амбулатория жылына 7000-ға жуық келушілерді қабылдайды, 2019 жылдың 7 ай көлемінде 4846 келушілерге көмек көрсетілді, – дейді Отырар аудандық орталық ауруханасының   бас дәрігері Райымбек Берікұлы Тасырбаев.

Ақиқатын айту керек, оңтүстік өңірде демографиялық өсім жоғары екені белгілі.

Бас дәрігер Райымбек Берікұлының айтуына қарағанда,  жылына ауылда 110-ға жуық бала туылады, бұл ауылдың өсу қарқынын артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар «Қоғам» дәрігерлік амбулаториясына қарасты 2 фельдшерлік акушерлік тірек бар. Қазіргі таңда дәрігерлік амбулаторияда 2 дәрігер және 12 орта буын қызметкерлері қызмет атқарады. Емдеу мекеме мамандармен толық қамтылған. «Қоғам» дәрігерлік амбулаториясы 2017 жылы салынған типтік жаңа ғимаратқа орналасқанын айта кету керек. Мұнда сапалы медициналық көмек көрсетуге қажетті құрал жабдықтармен толық қамтылған. Оның ішінде ауыл тұрғындарына стоматологиялық қызмет көрсету үшін, жаңа стоматологиялық қондырғы алынған. Сонымен қатар ауыл тұрғындарына 10 төсек орын күндізгі бөлім қызмет көрстетеді, аталмыш төсек орында жылына терпаиялық және педиатриялық бейінде 350 жуық пациент ем қабылдайды. 

кабинет

 Дәрігерлік амбулаторияның аудан орталығынан шалғайда орналасқанына қарамастан заман талабына сай медициналық қызмет көрсету үшін мамандар тұрақты түрде білімін жетілдіріп отырады. Соның дәлелі «Жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі» бойынша барлық қызметкерлер жаңа модельді меңгеріп, қазір қолданысқа енгізуде. Әмбебап-прогрессивті үлгінің басты мақсаты – ерте жастағы балалардың денсаулығы мен саулығын ата-аналар  мен жақын ортаның әл-ауқатымен тығыз байланыста қорғау және нығайту. Бас дәрігердің айтуынша, әмбебап прогрессивті модель көптеген жылдар бойы және әр түрлі контекстерде өз артықшылығын дәлелдеді. Бұл бала өлімін, шала тууды және аурушаңдықты төмендетуге бағытталған. Үйге барып қызмет көрсету бұл баланың жан-жақты дамуына, балалардың жарақаттануын төмендетуге, отбасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл модель әлеуметтік осал және оқшауланған отбасыларды Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметіне тартады. Нақты айтар болсақ, патронаждық медбике баланы дұрыс күту бойынша ата-аналарға нұсқау беріп, көмек көрсетіп қана қоймай, баланың әлеуеттік жағынан осалдығы анықталған жағдайда отбасын да сүйемелдейді. Патронаждық медбикелер жүктілік кезеңінен бастап бес жасқа дейінгі бала мен ананың қажеттілігіне жіті назар аударады. Осы оқытудың мақсаты – жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалардың денсаулық жағдайын бағалау, бала емізуді және дұрыс тамақтануды қолдау, баланың әлеуметтік-эмоциялық дамуын ескере отырып, балаларды тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналарды кәсіби қолдау дағдыларын жақсарту болып табылады. Соның нәтижесі есебінде қазіргі таңдағы «Қоғам»  ауылында 2019 жыл 7 ай көлемінде нәрестелердің шетінеуі азайды. Сонымен қатар, тұрмыстық жарақаттардың да төмендегенін атап өткен жөн. Бұл ғана емес, ауылда 4-санатты шақыртуларды орындау бойынша жедел жәрдем көлігі қызмет көрсетеді. Бұл өз кезегінде жедел медициналық жәрдемнің тиімділігін арттырады. 

дәрігер кабинеті

Біз неге ауылдағы «Қоғам» дәрігерлік амбулаториясын сөз етіп отырмыз? Мұның себебі бар. Елдімекендегі тұрғындардың әлеуметтік жағдайы белгілі. Бас дәрігер Райымбек Берікұлы Тасырбаев сондықтан да ауыл медицинасын көтеруге бел буды. Оның жемісі де көрінді. Қазір «Қоғамға» ем алуға келгендердің ықыласы жақсы. Рахметін айтып жатыр. Өйткені расын айту керек, мұндай дәрігерлік амбулатория басқа аймақтардан табыла бермейді. Алыс ауылда қазіргі замаңғы медициналық материалдармен жабдықталған амбулаторяны көрдіңіз бе? Жоқ немесе мұндай орталықтар өте сирек. Ал мұндай дәрігерлік амбулатория Отырар ауданында бар. Мұның барлығы іскер басшы тәжірибелі ұйымдастырушы Райымбек Тасырбаевтың арқасында жүзеге асқанын мойындау керек және мұндай еңбекті бағалануы қажет. Расында да әр ауылда осындай заманауи емханалар мен емдеу орталықтары бар болса, онда сырқат жандар аудан немесе облыс орталығына сабылмас еді.

Емделетін жер елдің ішінде болса,  тұрғындар қашан да риза Ал адам денсаулығы – қоғам байлығы. Ендеше алыс ауылдағы «Қоғам» қоғамның бүгінгі сұранысын өтеп жатыр.

–Негізі дені сау адамның көңіл-күйі қашан да көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Сондықтан бәріміз қоғам болып денсаулықтың қадірін түсіне білуіміз керек және соған атсалысуымыз қажет –дейді  ауыл медицинасын барынша көтеруге үлес қосып жүрген іскер басшы Райымбек Берікұлы Тасырбаев.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір