31 Шілде, 2019
Сібірдегі өрт және адамнан ақша қымбат болған дәуір: күйген жануарлар, өртенген орман...
Алматыға жеткен ақбұйда түтін Мәскеуге жетпей ме?
Маусым айының орта шенінде Шығыс Сібірдің Иркут облысы, Краснояр аймағы, Саха Республикасы көлемінде ауқымды орман өрті басталды. Ну жынысты жоймақ болып өңмеңдеген қызыл жалыннан шыққан түтін көрші облыстарға, тіпті шекаралас мемлекеттерге дейін жетті. Ал әлеуметтік желідегі халық орманды құтқаруды сұрап, бірінен кейін бірі сұрап шулауда.
«Осыдан бірер ай бұрын Париж қаласындағы «Нотр-Дам» шіркеуі өртке оранғанда күллі әлемнің назары түсіп, қаржы жинап еді. Ал табиғат кереметін құрбан етіп қарап отырғанымыз жарамады». Көпшіліктің пікірі осы тұста бірігіп отыр.
Сібір ормандарында жыл сайын өрт тұтанып, мыңдаған гектар жерді жайпап өтеді. Әр жыл сайын еріктілер өрттің алдын алу шараларын жүргізетіні де өтірік емес. Бірақ бұл жылы өрттің жылдам күш алғаны соншалық, Иркут облысының тұрғындары басқа жерге қоныс аударып та үлгермеген. Түтін жұтып, ыс иіскеп отыр-мыс.
Өрт аса үлкен жылдамдықпен таралып келеді. Тіпті, Бодайбо ауданына қарасты Светлый ауылына үш қана шақырым қалған. Дегенмен, басшылық елді-мекендерге төнер қауіп жоқ деп сендіруде. Халық қоныстанған кей қалалар орман түтінінің әсерінен әуе рейстерін тоқтатуға мәжбүр болған.
Қазіргі уақытта Краснояр өлкесіне жақын маңда 850 мың гектар тайга орманы өртенген. Бұл – 24-шілдедегі көрсеткіш. Ал дәл қазір бұл көрсеткіш еселенбесе, азаймағаны анық. Республикадағы ең ірі өрт сөндіру орталығы орналасқан бұл өлкенің халқы түтінге тұншығып отыруы – ұят.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір