30 Шілде, 2019 NEWS
Тарихи максимум: Доллар бағамы рекорд орнатты
389-390 теңгеге дейін барады деп отыр сарапшылар.
26-шілдеден бастап доллар құны 385 теңгеден төмен түскен жоқ. Бүгін ол рекордтық көрсеткішін жаңартып, 385,12 теңгеге дейін көтеріліп отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ал Орал қаласындағы валюта айырбастау пункттерінде долларды 387,5 теңгеге сатуда.
"Болжанған доллар мөлшері өз көрсеткішінен асып отыр. Ескі болжамдарды қайта қарау керек. Соңғы күндлері доллар КАСЕ-де нық тұрып алды. Көрсеткіш орта есеппен 384-385 теңге деңгейінде болды. Егер доллар бұл қарқынынан жаңылмаса, аз ғана уақыт ішінде 389-390 теңгеге дейін өсуі мүмкін. АЛ бұл қарқын апта аяғына дейін немесе келесі аптаның басыцна дейін созылуы ықтимал", - дейді сарапшы Мұстафин Бейбіт.
Еске сала кетейік, доллар соңғы рет өткен жылдың тамыз айында жылдам қымбаттаған. Бір күнде 14 теңгеге көтерілген доллар құны сол уақыттан бері құлдыраған емес.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір