• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:51:06
Алматы
+12°

27 Шілде, 2019 Оқиғалар

Алматы облысында биыл 25 адам суға кеткен

Қаза тапқандардың оны - кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім.

Шомылу маусымы басталғалы бері Алматы облысында 25 адам суға кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап. 

Қаза тапқандардың оны - кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Қайғылы жағдайға демалушылардың бейқамдығы себеп. Сонымен қатар демалыс орындарының бекітілген талаптарды орындамауы да ықпал еткен.

Адам шығынын болдырмау мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері арнайы рейд өткізіп жатыр.

Мамандар Балқаш, Қапшағай және Алакөл жағалауындағы тынығушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Жадынамалар таратып, сақтық шараларын естен шығармау керектігіне баса назар аударды.

Игорь Жуков, облыстық ТЖД бөлім бастығы: – Рұқсат етілмеген су айдындарында шомылуға болмайды. Құтқарушылары бар демалыс орнын таңдаған жөн. Егер жүзе алмасаңыздар, терең жерге бармау керек. Және ішімдік ішіп суға түсуге болмайды. Ең бастысы жасөспірімдер мен кішкентай балаларды назардан тыс қалдырмаңыздар.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір