• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:14:29
Алматы
+12°

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында атыс қаруын заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтардың құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында 8 "Калашников" автоматы және 2 тапаншаны сату фактілері құжаттандырылды. Аталған қару заңда белгіленген тәртіппен жүргізілді.

Қару-жарақ

2019 жылғы 18 және 19 шілдеcінде Алматы және Шымкент қалаларында топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өткізілді. Олардың кейбірі деструктивті діни ағымдарды ұстанушы және "ұрылар қауымдастығы" аталмыш өкілдерімен тұрақты байланысы бар адамдар.

қару-жарақ

Тінту іс-шаралары барысында фигуранттардың бірінің тұрғылықты мекенжайы бойынша қолмен құрастыруға және қаруды қайта жасауға арналған станок пен құрал-саймандар табылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы аумағына қару әкелетін кезекті ірі арна жойылды. Ұсталған адамдар бұрын сатқан криминалдық қаруды заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір