04 Шілде, 2019 NEWS
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директорлар кеңесінің отырысына қатысты.
Директорлар кеңесінде 2018 жылы және 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында жасалған жұмыстар мен алдағы атқарылатын жоспарлар туралы айтылды.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директорлар кеңесінің отырысына қатысты. Бұл тұралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Директорлар кеңесінде 2018 жылы және 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында жасалған жұмыстар мен алдағы атқарылатын жоспарлар туралы айтылды.
«Атырау» ӘКК төрағасы Марат Түсіпқалиевтың айтуынша өткен жылы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Оның ішінде Атырау қаласына жаңа қоғамдық көліктер алынды. Сонымен қатар, Нұрсая ықшам ауданындағы медицина қызметкерлеріне арналған көп қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорының жұмысыда жүйеленген.
Кездесу барысында енді жасалатын инвестициялық жобалар туралы да сөз қозғалды. Оның ішінде күні бүгінде «100 сауда орны» бағдарламасы бойынша өңірде жұмыстар жүргізіліп, кәсіпкерлерге тың серпін берілуде. Осы жоба бойынша аймақта сауда жасайтын дүңгіршіктер ашылатын болады.
Жиын барысында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа инвесторлардың қаржысына салынатын ғимараттар, сауда орталықтар мен тұрғын үйлердің жобалары ұсынылды.
- Қазіргі таңда бірталай жұмыстар жасалып жатыр. Дегенмен инвесторларға несие ретінде берілген қаражат уақыты келген кезде, қайтарылуы тиіс. Үкімет қайтарымсыз қаражат бөле алмайды. Сондықтан жобаларыңызды алып келіңіздер, ұсыныңыздар. Егерде елдің дамуына, тұрғындардың қажеттілігіне жарайтын болса, біздер әрқашан қолдауға дайынбыз,- дейді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір