20 Шілде, 2019 Әдебиет
Нұрлан Ноғаев Сириядан оралған қазақстандықтан Абайдың 175-жылдығына арналған эстафетаны қабылдады
Аймақ басшысы Абайдың "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" атты өлеңін оқыды
Аймақ басшысы Абайдың "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" атты өлеңін оқыды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау облысы əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны Нұрлан Ноғаевқа 6 адам жолдады.Қазақ ұлттық өнер университетінің 6-сынып оқушысы Медея Даниярқызы, Сириядан оралған қазақстандық Балжан Абдрахманова, "Ақ Жайық" газетінің директоры Айнұр Сапарова, атыраулық №18 мектептің 9 – сынып оқушысы Нұрлыбеков Нұрасыл, сондай–ақ, актер, театр және кино режиссері Талғат Теменов пен дирижер Бауыржан Ақтаев эстафетаны Нұрлан Ноғаевқа жолдаған болатын.
Атырау облысының әкімі Абайдың "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" атты шығармасын оқып, эстафетаны профессор, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есімге жəне жазушы Роллан Сейсенбаевқа,экономика ғылымдарының докторы Елеусін Сағындықовқа жолдады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір