• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 18:54:09
Алматы
+12°

19 Шілде, 2019 NEWS

Қазақстанда интернетке шектеу қойылмақ

Осы мәндегі SMS-тер  ұялы байланыс абоненттеріне келе бастаған болатын.

Құрылғыға арналған қауіпсіздік сертификатының болмауы интернет ресурстарының қолжетімділігін шектеуі мүмкін деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

 
Аталмыш сертификатты Kcell, Activ, Tele2, ALTEL, Beeline ұялы байланысын қолданушылары да орнату қажет. Бұл мәліметті байланыс операторларының барлығы бірауыздан растап отыр.
 
Аталмыш хабарламалар Қазақстанда тіркелген барлық абоненттерге жолданады. Әр оператор өз абоненттеріне хабарлама арқылы сілтеме жібереді. Көрсетілген сілтемеге өту арқылы қауіпсіздік жүйесінің сертификатын көшіру керек. Көшірілген сертификатты орнату қажет болады.
 
Осыдан кейін "Сертификат сәтті орнатылды" деген ақпарат келеді. Сол сәттен бастап абонент Қазақстан Республикасында кіруге мүмкін емес сайттардың барлығынан қорғалатын болады.

Қауіпсіздік сертификатын енгізу ақпараттық жүйелер мен деректерді қорғауға, сондай-ақ еліміздің ақпараттық кеңістігі жүйесіне, жеке, соның ішінде банктік секторға интернет-алаяқтардың хакерлік, кибершабуылдарын зиян келтіргенге дейін анықтауға көмектеседі.

Қауіпсіздік сертификаты — бұл шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы. Осылайша, ол Интернет желісінің қазақстандық пайдаланушыларын хакерлік шабуылдардан және заңға қайшы контентті көруден қорғауға мүмкіндік береді.

Компания абоненттерге ҚР «Байланыс туралы» Заңына және «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларының» 11-тармағына сәйкес Интернетке қолжетімділігі бар дербес құрылғыларға «Қауіпсіздік сертификатын» орнату қажеттілігі туралы хабарлайды Заңнаманың талаптарына сәйкес байланыс операторлары байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан абоненттері арасында қауіпсіздік сертификатын таратуды қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздік сертификатын орнату Интернетке кіру үшін қолданылатын әрбір құрылғыдан (iOS/Android негізіндегі мобильді телефондар және планшеттер, Windows / MacOS негізіндегі дербес компьютерлер және ноутбуктер) орындалуы қажет екеніне назарыңызды аударамыз.

Абоненттік құрылғыларда қауіпсіздік сертификаты болмаған жағдайда, жекелеген интернет-ресурстарға қол жеткізуде техникалық шектеулер туындауы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір