• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:39:45
Алматы
+12°

ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы әкімі Б.Сағынтаев қала активін өткізіп, онда 15 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерді жүзеге асыру мәселелері қаралды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Б.Сағынтаев Алматыны одан әрі өркендетудің стратегиялық бағытын айқындады және оларды шешу шараларын атап өтті. Алматыны дамытуда Президент Қ-Ж.Тоқаевтың саяси платформасында көрініс тапқан "Шетсіз қала" концепциясына баса назар аударылатын болады.

Б. Сағынтаев

Халықтың негізгі әлеуметтік сұраныстарын шешу қажет, яғни лайықты жалақысы бар жұмыс орындарын ашу, бірінші кезектегі азық-түлік бағалары мен коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттауына жол бермеу, қолжетімді тұрғын үй салу, экологияны сақтау, медициналық қызметтің сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет.

Алматы әкімі аймақтарды абаттандыру, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі, «қарапайым заттардың» экономикасын, әлеуметтік инфрақұрылым мен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Жергілікті атқару органдары үшін қалалықтардың табыс деңгейін арттыру мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша тапсырмалар пакеті жасалды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір