10 Шілде, 2019 Саясат
Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа қызметке тағайындалды
2014 жылғы 12 тамыздан 2019 жылдың 17 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болды.
Қазақстанның экс-мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылды.
Мұхамедиұлы өзінің еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мемлекеттік симфониялық оркестрінің артісі болып бастаған. 1991-1993 жылдары аралығында Мәдениет министрлігінде маман болды. 1993 жылы ҚР Мәдениет министрінің көмекшісі болып тағайындалды. Әр жылдары ҚР президентінің оркестрінде қызмет атқарды. Сонымен қатар «Қазақ әуендері» АҚ-на басшылық етті.
2006 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып жұмыс жасады. Сондай-ақ ол ҚР президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі болған.
2008 жылдан бері Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарған.
2014 жылғы 14 наурыздан - ҚР сол кездегі президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Мәдениет министрі қызметіне тағайындалды.
2014 жылғы 12 тамыздан 2019 жылдың 17 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір