• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:42:21
Алматы
+12°

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Құрметті отандастар!

Қадірлі елорда тұрғындары!

 

Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның жарқын жетістіктерін айшықтайды.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың астананы көшіру туралы бірегей шешімі халқымыз үшін аса маңызды тарихи оқиға болды.

Елбасының ерік-жігері мен теңдессіз ерлігінің арқасында Еуразия кіндігінде ірі саяси, экономикалық, мәдени және білім орталығы пайда болды. Бұл қадам даму, өркендеу және жасампаздық жолында Қазақстанға тың серпін берді.

Нұр-Сұлтан қаласы осындай қысқа мерзім ішінде Еуразия төріндегі ғажайып мекенге айналды.

Сәулеті айрықша ғимараттар мен елордамыздың заманауи келбетіне әлем жұртшылығы тәнті болды.

Қаламызда жаһандық мәні зор саяси шаралар өтуде. ТМД, ШЫҰ, ЕАЭО, ЕҚЫҰ, ИЫҰ саммиттері, ЭКСПО-2017 көрмесі, Азия ойындары, Астана бітімгершілік үдерісі – осының барлығы Қазақстанның бас қаласының абыройын арттырды.

Елорданың өркендеуі – Елбасының және барша Қазақстан халқының еңбегі. Еліміздің барлық өңірі Нұр-Сұлтан қаласының өркендеуіне үлес қосты. Бүгінде бас қаламыз барша жұртымыздың ынтымақ-бірлігінің символына айналды.

Елорда – еліміздің жүрегі. Мемлекетіміздің жарқын болашағына жол ашатын тағдырлы шешімдер осы жерде қабылданады.

Қазақстан Республикасының Президенті ретінде қаламыздың бой көтеруіне және қалыптасуына үлес қосқан еліміздің әрбір азаматына ризашылық білдіремін.

Баршаңызды Елорда күнімен құттықтаймын!

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына және барша халқымызға бақ-береке, зор денсаулық, амандық тілеймін!",- делінген құттықтауда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір