• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:24:26
Алматы
+12°

03 Шілде, 2019 Барлық аймақтар

"Теңізде" зардап шеккен иорданиялық: Ешқандай алалаушылық болмады

Бізді де үш автобустың біріне отырғызды. Кейін бізді қазақтар аямай ұрып-соға бастады

Атыраудағы қақтығыстан зардап шеккен иорданиялықтар болған оқиғаның мән-жайын түсіндірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі en.royanews.tv сайтының дерегін негізге алып. 

Айта кетсек, иорданиялықтар мен ливандықтар 2 шілдеде елдеріне оралған болатын. 

Инженер Фади Бакаин қақтығыстың қалай басталғанын айтып берді. 

— Қақтығыс сенбі күні таңертең басталды. Адамдар жиналып, наразылық білдірді. Сол кезде барлық шетелдік қызметкерлерді автобусқа мінгізіп, оқиға орнынан алыс жерге апарды. Бізді де үш автобустың біріне отырғызды. Кейін бізді қазақтар аямай ұрып-соға бастады, - дейді Фади Бакаин. 

Сонымен бірге Фади өзінің не себепті таяқ жеп жатқанын түсінбегенін айтты. 

— Алғашында бәрі түсініксіз болды. Не себепті қазақтар бізді ұрып-соққанын соңына дейін түсінбедік. Сөйтсе, қақтығысқа әлеуметтік желіде таралған сурет себеп болған екен. Біз оны кейін білдік.

Сондай-ақ шетелдік жұмысшы әлеуметтік теңсіздіктің болмағанын айтты. 

— Осыған дейін директорлар мен жұмысшылар бірге тамақ ішеді. Ешқандай алалаушылық болмады, - дейді зардап шеккен иорданиялық азамат. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір