02 Шілде, 2019 NEWS
Жезөкшелердің соңына "шам алып түскен" Сағынтаев бұйрығының нәтижесі
Сағынтаевтың тапсырмасымен түнгі көбелектерге рейд жүргізілді.
Өткен түнде Алматы қаласындағы Сейфуллин даңғылының бойында азаматтарға интимдік қызмет көрсететін қыздарды құрықтау операциялары жүргізіліп, жезөкшелер ошағы анықталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Рейд шаһарға жаңадан келген әкім Бақытжан Сағынтаевтың бұйрығымен жүзеге асты. Аталған операцияны жүзеге асыру үшін полиция қызметкерлерімен бірге СОБР жауынгерлері де жұмыс жасады.
"Бір түн ішінде Сейфуллин даңғылының бойынан 130 адам ұсталды. Олардың ішінде интимдік қызмет көрсететін 53 әйел, пәтерлерді жалға беретін 13 адам, жеңіл жүрісті қыздарды тасымалдайтын бес жүргізуші құрықталған. 58 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 28-і саналы түрде жезөкшелікпен айналысқандар, бесеуі ұсақ бұзақылыққа барғандар, 11-і қоғамдық орында алкаголь өнімін тұтынғаны үшін, 19 адам қаланың тазалығын ластағаны үшін, тоғызы ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталды", - деп мәлімдеді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысының орынбасары, полковник Ізбасар Бекутров.
Бұдан бөлек, рейд барысында жеңіл жүрісті қыздардың интимдік қызмет көрсетуіне жағдай жасаған қонақ үйлер де тізімге алынды. Олардың иелері жауапкершілікке тартылды. Бір түнде салынған айыппұлдардың жалпы көлемі – 315 625 теңге.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір