30 Маусым, 2019 Аймақтар
2020 жылы жеке инвестициялар есебінен «Алматыны дамытудың 50 жоба-драйверлері» бастамасы бойынша заманауи конгресс-орталық пен балет театры салынады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Балет театры Әл-Фараби даңғылы мен Назарбаев даңғылының батыс жағында салынады. Ғимарат барынша заманауи бағытта бой көтереді. Ол жерде іскерлік кештер мен салтанатты шаралар өткізуге жағдай жасалады. Сонымен қатар, балаларға арналған хореография мектебін ашу жоспарланған.
Алматының қаласында 50-ден астам халықаралық кештердің өтетінін ескере отырып заманауи конгресс-орталық бой көтереді.
Жыл аяғына дейін Республика алаңын, Байсеитова мен Жібек жолы көшелерін, Достық даңғылын, Верный обсерваториясын, Алматы зообағын, Медеудегі шынығу баспалдақтарын, "Мыңжылдық" фонтанын, қаланың барлық сегіз ауданындағы өтпелі аймақтарды қайта жөндей жұмыстары аяқталады.
Жалпы, 6 жаңа бала бақша мен сейсмикалық күшейтілген 10 мектеп пайдалануға беріледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір