• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:08:46
Алматы
+12°

24 Маусым, 2019

Әнуар Нұрпейісов - арзан қаһарман!

Сайлау науқаны кезінде сөзін қоғамға естіртіп, елді оятып жүрген Әнуар Нұрпейісов 9-маусым күнінен кейін жоғалып кетті

Халықта “Кіші Желтоқсан” деп атап кеткен сайлаудан кейінгі толқулар аяқталды. Әміржан Қосанов сөзінен тайып, халықтың ызасын шығарып, тарих түбіне кетті деп ойлаймыз, енді 

Сайлау науқаны кезінде сөзін қоғамға естіртіп, елді оятып жүрген Әнуар Нұрпейісов 9-маусым күнінен кейін жоғалып кетті. Оны іздеген әлеуметтік желі қолданушылары әпкесінен Шри-Ланкада жүргені туралы білді. Халықты оятып-оятып, басқа елге ұйықтауға кетті ма, біз ол туралы білмейміз. Бірақ, өзі бастаған жолынан тайып, халық зар болған кезде аты шықпай зыт етті.  

“Оян, Қазақстан” деп пресс-конференция жинап, популисттік ұранмен шықтыңыздар. Бірақ, халықта ақымақ емес. Қосановқа бір алданып, енді сіздерде дәл сонын сөздерін қайталап отсыздар. Елге, қоғамға, халыққа бар проблемаларды айтып отыра бергеннен олар шешілмейді. Оларды шешу жолдары және жоспарымен назарды аудару қажет.  

Өзіңіз Әлия Исеноваға берген сұхбатында айтқандай, ұйымдасқан митинг керек, бар болса барар едін деп қақсаған едіңіз. Міне, сайлау нәтижесіне келіспегендер шықты. Ал сіз қайдасыз? Бірнеше күн іздеген қауым сізді Шри-Ланкадан бір-ақ тапты. Әлемнің басқа бұрышында не жоғалтып алғаныңыз бір Құдай біледі. 

Страшный жуз Telegram-каналы жазғандай, Әнуар Нұрпейісов сайлауға дейін жаңа жобаға қаражат таба алмаған. Бірақ, сайлауға 1-2 күн қалғанда керек сомма бере алатын демеушілерді тапқан.   

Сіздің екіжүздігіңізді көрген жұртта #менояндым шыққан деп ойлаймын.   

Халықты өзініңіздің коммерциялық ойыны үшін қолданбаңыз! Ал енді сізге де қызғылт қоян мырза! Есік ашық! Сау болыңыз! 

Ильдар Адильченов

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір