21 Маусым, 2019
"Түні бойы ұйықтамаған" министр мәлімдемесіне қатысты мәлімдеме жасады (видео)
Райымқұлованың айтуынша, ол кеше терминдерге қатысты айтқан ойын дұрыс жеткізе алмапты.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова терминдерге қатысты мәлімдемесіне түсінік берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Райымқұлованың айтуынша, ол кеше терминдерге қатысты айтқан ойын дұрыс жеткізе алмапты.
"Менің ойымша, сіздер кеше менің мәлімдемемді дұрыс түсінбей қалған сияқтысыздар. Біріншіден, үш мыңнан астам қолданыстан шықпайды. Ол - қазақтың сөздері емес. Ол басқа тілден енген терминдерді қайта қарау деген сөз", - деді министр кешегі мәлімдемесіне түсініктеме беріп.
Кеше, яғни, 20 маусымда Нұр-Сұлтандағы есеп беру жиынында мәдениет және спорт министрі қазақ тіліндегі халықаралық терминдерге қатысты мәлімдеме жасаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір