• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:39:29
+12°

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония залында «Менің елім – Қазақстан» атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы патриоттық әндер фестивалі өтті.
«Мемлекеттік қызметші​ – елдің мүддесі үшін өз күшін, уақытын аямай еңбек ететін тұлға. Міне, мемлекеттік қызметшілердің төл мерекесі де жақындады. Осы орайда, облыстың мемлекеттік қызметшілері арасында патриоттық әндер фестивалін ұйымдастырып отырмыз. Барлық қатысушылардың жақсы дайындалғаны көрініп-ақ тұр. Олардың арасында екі дуэт, бір трио да бар. Және айта кететіні, бұл шараға шалғай аудандардың мемлекеттік қызметшілеріде қатысып отыр. Әрі қарайда мерекелік шараларымыз өз жалғасын таппақ...» - деді өз сұхбатында Департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов.
Аталған шарада барлығы 14 қатысушы бақ сынады. Барлық қатысушылардың әндері де Отан, Туған​ жер, Атамекен тақырыптарына тоғыса отырып, арнайы музыкалық білімдері болмаса да асқан шеберлікпен әндерін шырқап шықты..
Фестивальдің әділ төрелігін көрсететін қазылар алқасыда құрылды.​ Қазылар алқасының шешімімен, байқау қорытындысы бойынша Махамбет аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрғали Аруев III орынмен, Атырау облысы әкімі аппаратынан құралған дуэт II орынмен, Атырау облысы Статистика департаменті қызметкерлерінен құралған дуэт​ I орынмен марапатталса, қалған қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.
Айта кетсек, фестивалда барлық қатысушылар тек жанды дауыста ғана емес, арнайы музыкалық аспаптармен де ән шырқады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір