20 Маусым, 2019 Атырау облысы
«Атырау» футбол клубы Қазақстан кубогінің жартылай финалындағы ойында «Ордабасы» командасымен тең түсті.
Атыраудағы кездесу 0: 0 есебімен аяқталды. Шымкенттегі алғашқы ойын 1: 1 есебімен аяқталған болатын. Сол себепті, жалпы есепте атыраулық команда сырт алаңда соғылған голға байланысты финалға жолдама алды.
- Бүгін футболшылар жақсы ойын өрнегін көрсетті. Өңіріміздегі футбол қарқынды дамып келе жатыр. Командамыздың финалға жолдама алғандығы жанкүйерлерді қуантады және көрермендердің қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді деп сенеміз. «Мұнайшы» стадионын қайта жаңарту жұмыстарына ат салысқан барлық демеушілерге алғысымызды айтамыз. Солардың арқасында Атырауға үлкен фулбол келді. Алдағы уақытта тек жеңіс тұғырынан көрінулеріңізді тілеймін, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
Айта кетейік, кездесу жаңартылған «Мұнайшы» футбол алаңында өтті. «Мұнайшы» футбол стадионының бұрынғы « тірі шөп» газондары пайдаға аспауына байланысты, «GAZ stroy montazh KZ» ЖШС –нің демеушілігімен жасанды алаң салынған болатын. Жаңа алаң ФИФА – ның барлық талаптарына сәйкес келеді. Сыйымдылығы – 8 690 адам. Газоны жаңартылғаннан кейін, стадионның аумағы 110 да 70 метрді құрайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір