• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 10:53:57
Алматы
+12°

20 Маусым, 2019 Ғылым-білім

Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды

Биыл ҰБТ-ны жүз мыңнан астам түлек тапсырады

Қазақстанның барлық өңірінде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл ҰБТ-ны жүз мыңнан астам түлек тапсырады, олардың мемлекеттік білім грантын жеңіп алуға мүмкіндігі бар.

Елордада ҰБТ-ны үш ЖОО базасында тапсырады: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және Қазақстан экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

ҰБТ-2019 қалай өтіп жатыр?

2019 жылы ҰБТ 20-30 маусым аралығында 169 пунктінің базасында өтіп жатыр. Тестіні 117 242 адам таспырады, олардың арасында биылғы және былтырғы түлектер, колледж бітіргендер бар.

2019 жылы тестілеу 16-шы рет өткізіліп отыр. Осы уақытқа дейін ҰБТ-ны 1 миллион 800 мың адам тапсырған екен.

Түлектердің білімі қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде үш міндетті және екі бейінді пән бойынша тексеріледі. Міндетті пәндер қатарына математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы жатады.

Екі бейінді пән бойынша тест тапсырмаларының саны 30. Оның ішінде 20 тапсырманың бір ғана дұрыс жауабын таңдау керек, қалған он тапсырмада бір немесе бірнеше дұрыс жауап болуы мүмкін.

Тест жинағында барлығы 120 сұрақ бар. Тапсырмаларды орындауға 3 сағат 50 минут беріледі. Түлек ең жоғары дегенде 140 балл жинай алады.

ҰБТ кезіндегі тәртіп

ҰБТ тапсыратын жерлерде мемлекеттік комиссиялар құрылған. Оның құрамына құқық қорғау органдары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енді.

Аудиториялар ұялы байланысты сөндіру құрылғылары және видеокамералармен жабдықталған.

ҰБТ кезінде түлектерге аудиториядан рұқсатсыз және жалғыз шығуға, орын ауыстыруға, тестілеу материалын айырбастауға, гаджеттерді пайдаланға тыйым салынады.

Тәртіп бұзылған жағдайда тестілеу қорытындысы жойылады.

Премьер-министр Асқар Мамин ҰБТ кезінде түлектерді тексеруді дұрыс жүргізуді тапсырды.

ҰБТ - 2019: шектік балл

Ұлттық жоғары оқу орындарына тапсыруға қажетті шектік ұпай - 65 балл. "Педогогика ғылымдары", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім салалары бойынша 60 балдан төмен жинауға болмайды. Қалған жоғары оқу орындарына түсу үшін - кем дегенде 50 балл.

"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)" саласы бойынша - 65 балдан кем емес (әр пәннен кем дегенде 5 балдан жинау қажет).

Егер оқуға түсер кезде талапкерлердің ұпай саны бірдей болса, "Алтын белгі" иегеріне басымдық беріледі.

ҰБТ - 2019: қорытынды қашан шығады?

ҰБТ қорытындысы тестілеу күні белгілі болады. Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланады.

Түлектер қанша балл жинағанын @edugovkz_bot Telegram-боты арқылы біле алады. Ол үшін талапкердің жеке тестілеу нөмірін енгізсе болғаны.

ҰБТ-да апелляцияға қалай өтініш беруге болады?

Апелляцияға өтініш ҰБТ қорытындысы жарияланғаннан соң келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады. Апелляция комиссиясы оларды бір күнтізбелік күн ішінде қарайды.

Өтініш беруші апелляция комиссиясының отырысына келмесе, оның сұрағын қарастырмайды.

Өтінішті түлектің өзі беруі тиіс әрі нақты пән мен сұрақты көрсетіп, шағымын негіздеуі қажет. Комиссия отырысына жеке куәлігі мен тетілеуге қатысуға рұқсат қағазын алып бару керек.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір