• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:54:04
Алматы
+12°

08 Маусым, 2019 Саясат

Құқықтық саясат тұжырамдамасы: Электрондық қызметтің ауқымы қандай?

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында мемлекеттің «электрондық үкімет»  арқылы ұсынатын қызметтер ауқымын кеңейту қажет» деп атап көрсетілгені белгілі.

Олай болса, оның тиімділігі қандай? Ал біле білген адамға мұның тиімді жақтары өте көп. Ақиқатына келсек, сіздің электрондық үкімет порталы арқылы барлық ақпараттармен құлақтануға мүмкіндігіңіз бар. Атап айтар болсақ, Қазақстан азаматтары үкімет жайлы, оның заңнамасы туралы электрондық портал арқылы толыққанды біле алады. Сонымен қатар, он-лайн режимде мемлекеттік орган өкілдеріне сауалдар қойып, оған лайықты әрі сауатты жауап алуға болады.

Расында да Қазақстан заманауи озық үрдістен көш соңында қалмауы керек. Анығын айтсақ, электорндық қызмет көрстудің деңгейі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Орта Азия елдерін артқа тастады, тіпті Ресейден көп көрсеткіштер бойынша алда. Өткен жылы Қырғызстан,  Өзбекстан мен Монғолия елдері Қазақстанның «электрондық үкіметіне» қызығушылық танытып, тәжірибе алмасу үшін біздің елге келді. Өйткені бізде қазір Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» атты арнайы қызмет орны бар. Бұл үлкен жетістік пе? Жетістік!

Расын айтсақ, біз осыдан 15-20 жыл бұрын анығын айтқанда, «электрондық үкімет» туралы естігенімізбен, оның қалай жүзеге асырылатыны туралы тіпті білмейтін едік. Қазір бұл қандай да бір түйінді проблемаға айналып отырған жоқ. Бүгінде  көзіқарақты азамат интернет арқылы тиісті электрондық базаға тіркеліп, өзіне қажетті барлық құжаттарды алуға қолы жетті. Бұрындары қандай да бір анықтама алу үшін Халыққа қызмет ету орталықтарына (ЦОН)  барып, ұзынсонар кезекке тұратын. Қазір олай емес. Үйде отырып-ақ өзіңізге қажетті  қажетті қағаздарды жылдам алуға болады.

Өйткені қазір «Азаматтарға арналған үкімет» халыққа тікелей сапалы қызмет көрсетеді және мұның барлығы жедел түрде жүзеге асырылады.

Тіпті сіз қазір қолыңыздағы телофон арқылы да барлық қызмет түрін пайдалана аласыз. Тек оған ниет пен сауаттылық керек. Уақытын үнемдегісі келген кез келген азамат қазір мұны тиімді пайдалануға тырысады. Осы орайда біз электронды қызметтің бірнешеуін оқырманға хабардар етуді жөн көрдік. Сонымен...

1.Смартфондағы Тelegram қосымшасы арқылы мемлекеттік қызмет пен сервисті пайдалануға мүмкіндік зор. Мысалы, осы орайда @egovkzbot қызметіне бір жыл толғанын айта кетейік. Соңғы бір жылдың ішінде бот арқылы 534 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетілген. Аталған телеграм-бот бойынша 25 түрлі мемлекеттік қызметтің түрін алуға болады. Олардың ішінде әсіресе, халық мекен-жай анықтамалығы,  сотталғандығының бар-жоғы туралы мәлімет пен психиатриялық, наркологиялық диспансердің анықтамаларына күнделікті сұраныс жоғары, яғни халық осы анықтамаларға көп жүгінеді.

2.Сонымен қатар, кез келген Қазақстан азаматы зейнетақы қорына ай сайын қанша пайыз түсіп отыр, оны да нақты біле алады.

  1. Электронды қызмет өте тиімді. Мысалы, бұрындары архивтік анықтаманы 11 жұмыс күнінен кейін ғана алуға болатын. Ал қазір бұл мәселе тез шешімін тапқан. Электрондық қызмет арқылы оны 1 сағаттың ішінде алуға мүмкіндік бар.
  2. Егер отбасыңызда үлкен қуаныш болып, өмірге сәби келіп жатса, баланың құжатын рәсімдеу үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Ең алдымен қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасына (МАБ) тіркелуіңіз керек. Содан кейін барлық қызмет түрін алуға болады. Баланы балабақша кезегіне қоюға, тіпті жәрдемақы туралы тиісті құжаттарды да ресімдеуге зор мүмкіндік бар. Аталған қызмет түрін «проактив тәсілі дейді». «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша соңғы екі жылға таяу уақыт ішінде проактив тәсілімен 70 мыңнан астам балаға туу туралы құжаты берілген. Ал 13 мың бөбек балабақша кезегіне тұрғызылған екен. 
  3. @Egovkzbot-тағы қызмет түрі арқылы дәрігердің де қабылдауына да жазылуға болады.
  4. Егер жұмыс іздейтін болсаңыз, enbek.kz порталынан сіз қалаған жұмысты тауып алуға да мүмкіндік мол. Мұнда жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің үлкен тізімі мен тиісті мамандықтар түрі берілген. Ең бір тиімдісі, мұның барлығы тегін түрде жүзеге асырылады.

Әрине мұның барлығы да Қазақстанда 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының толыққанды жүзеге асуы дер едік. Әрине, кезінде қабылданған «электронды үкімет» құру және оны жүзеге асыруға қатысты бағдарламалар өз жемісін берді. Қазір халық мұның игілігін көруде.

Айта кетер бір жайт, Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысын әрбір қазақстандық бүгінде тиімді пайдалануда. Оның нәтижелілігін мына бір деректер айқындап тұрғандай:

2019 жылдың алғашқы төрт айының өзінде 1,1 млн аса азамат мобильді базаға тіркелген. Қазіргі уақытта аталған базаға тіркелген қазақстандық азаматтардың саны 6,8 миллионға жуық болып отыр. Демек осыншама қазақстандық электронды үкіметтің жұмысын тиімді пайдаланып отыр деген сөз. Мұның өзі үлкен жетістік, өркениетке ұмтылғандық және әрбір қазақстандық азаматтың өз құқын білуге және қызмет түрін алуға деген таза ниеттілігін көрсетеді.   

Еркін Қалдан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір