Біздер, Қазақстан патриоттары Қорғаныс, Ұлттық қауіпсіздік және Ішкі істер органдарының ардагерлері халықпен біргеміз. Ардагер жауынгерлер ұрандаған видео желіде жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Біз еліміздің тәуелсіздігін қорғайтын ең соңғы шекара болып есептелеміз. Террористермен және жемқорлармен күресте біз оны дәлелдедік. Билік елімізде дағдарыс орын алғанын мойындауы керек. Жемқорықлық, түрлі қылықтар мен бюрократия елімізді құртуға алып бара жатыр. Біздің ең басты байлығымыз бабалар жеріне байлығымызға, халыққа қауіп төніп тұр. Біз бұл трагедияға жол бермейміз. Қазақстанның барлық халқы бейбіт өмір сүруі керек", - дейді.
Сонымен қатар, Қазақстан патриоттары "Ұран" қоғамдық қозғалысын құруға шешім қабылдаған. Оларың нағыз патриоттардың басын қосып, барлық дағдарысты бірлесіп шешуге шақыратындарын мәлімдеді.
"Барлық патриоттарды қолдауға шақырамыз. Біз жаңа Қазақстан үшін күресеміз. Нағыз офицерлер халықпен бірге. Біз біріксек - үлкен күшпіз",- деген видеода.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір