14 Маусым, 2019 Спорт
МакГрегордың масқарасы: "Хабиб мені өлтірмеші!"
Баспасөз мәслихатында Нұрмағамедов МакГрегорды жеңу өзі ойлағаннан әлдеқайда жеңіл болғанында айтып өтті.
© John Locher/AP
Лондонда Хабиб Нұрмағамедов пен Дастин Порьер арасындағы UFC жеңіл салмақ чемпионатына жекпе-жекке арналған алғашқы ауқымды баспасөз мәслихаты өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Газета.ру сайтына сілтеме жасап.
Жекпе-жек 7-қыркүйекте Абу-Даби қаласында өтеді деп жоспарланған. Бұл дағыстандық спортшының 2018 жылдың қазанында өткен дау-дамайға толы Макгрегормен болған жекпе-жегінен кейінгі алғашқы додасы.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрмағамедов қарсыласын "тұншықтыру" техникасымен жеңіп, жекпе-жек аяқталған соң МакГрегор командасының мүшесі Диллон Дениске шабуыл жасаған болатын. Спортшының бұл әрекеті көп мөлшердегі айыппұлға және дисквалификацияға алып келді.
Баспасөз мәслихатында Нұрмағамедов МакГрегорды жеңу өзі ойлағаннан әлдеқайда жеңіл болғанында айтып өтті.
"Конор менің денемді қолымен қақты, "жеңіліс" ишарасын білдіріп, өзін өлтірмеуімді сұрады. Ал бүгін қайтадан жекпе-жекке шақырып отыр... Мен қазіргі уақытта тек 7-қыркүйекте өтетін белдесу туралы ойланып жүрмін. Конормен жекпе-жекке шығу мәселесіне келер болсақ, мен оны өткеннің еншісінде қалдырғым келеді. Мен тек алға қарай қадам басамын!», - деп кесіп айтты Нұрмағамедов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір