13 Маусым, 2019 NEWS
Нұр-Сұлтанда ер адам балаларға тапаншамен қоқан-лоқы көрсетті (видео)
51 жастағы ер адам балаларды тапаншамен қоқан-лоқы көрсетіп, үркітіп тұрған
Нұр-Сұлтанда полицейлер балаларда тапаншамен қорқытқан ер адамды қамауға алды. Бұл туралы елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 12-маусым күні орын алды. 51 жастағы ер адам балаларды тапаншамен қоқан-лоқы көрсетіп, үркітіп тұрған. 2 бала көрші аулаға қашып, сол жерде жүрген полицейді шақырды.
“Оқиға орына бірден патрульдік полиция қызметкері лейтенант Руслан Шмидт барды. Ол бұзақыны қолға түсірді. Оған көмекке аға лейтенант Жандос Өзбек келді”, - делінген баспасөз хабарламасы.
Сараптама анықтағандай, ер адам мас болған, ал тапанша пневматикалық болып шықты.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі іс басталды.
Дайындаған: Ильдар Адильченов
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір