• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:38:23
Алматы
+12°

10 Маусым, 2019 Саясат

Қосанов неден қорқып қалды?

Орталық сайлау комитетінің алдын ала болжам бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинап, өз орнында қалуы керек

Орталық сайлау комитетінің алдын ала болжам бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинап, өз орнында қалуы керек. Ал сайлаудың басты рөлінің бірін сомдаған Әміржан Қосанов 16,02 пайыз дауыс жинап, екінші орынға табан тіреді.

Сайлау нәтижесінің ең бірінші болып exit poll арқылы анықтады. Тоқаев - 70,13 пайыз, Қосанов - 15,39 пайыз... Әміржан ағамыз бұл 13 мың сайлаушының арасындағы сауалнама болса да, ең бірінші болып Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады. 

Бүкіл әлеуметтік желілер сайлаудағы фальсификация, бір адамның бірнеше бюллетенді жәшікке салып тұрған видеолары мен Қосанов  жеңіске жеткен сайлау учаскелеріндегі суреттерге толып жатты.  

Сайлау барысында өз қызметін атқарған бақылаушыларға кедергі жасалды. Жарық сөндіріліп, бөлімшеге кіргізбей қойған кезде... оппозициялық кандидат ең бірінші болып, өз жеңілісін мойындап қойды. Өзінің мәлімдемесінде ол Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен митингтерге көп назар аударды. Ол шараға шыққандарды сынға алып, солардың кесірінен керек дауыстарын жинай алмағаны үшін оларға кінә тақты. “Францияда кофе ішіп отырған” Әблязовты да сынап-мінеді. 

Біз Қосановтан мұны күтпедік... Біз Әміржан ағамыздан өз аузынан шыққан талаптарды күттік. Мысалы, "фальсификация жағдайы орын алса, сайлау нәтижелерін мойындамай, жұртты митингке алып шығады-ау" деп ойлады, халық.  

Тоқаевты құттықтаумен шектелмей, ол потенциалды түрде оған дауыс беретін, алаңға шыққандардың бәріне де сөз тигізді.  

Ол неге бұлай істеді? Мүмкін бұл сайлауды сыртынан басқарып отырған жоғары биліктегі тұлғалармен жасырын мәмілеге келген болар. Егер де Қосанов 6-7 пайыз жинағанда, бәрі тыныш өтер ме еді? Бірақ әлеуметтік желі көмегімен рекордты 15 пайыз дауыс жинады. Қазақтан тәуелсіздігінен бастап, бірде-бір Назарбаевтың қарсыласы мұндай нәтижеге жетпеген. Осы кезде билік "Қосанов бүкіл оппозицияны бірігуге шақырады" деп ойлады ма? Бұл кезде не болатынын кім білсін?!  

Не болса да, Қосанов өз қызметін атқарды, Қосанов енді саясаттан кете беруіңізге болады. Мархабат! Есік ашық! 

Енді сайлаудың оң жағын көрейік. Бұған дейін ешқашан саяси тақырып әлеуметтік желілерде бірінші орынға шыққан емес. Кеше қоғам бойкот немесе Қосанов деп бөлінсе де, ешкім шетте қалған жоқ. Бойкот жариялағандар билікке кішігірім дабыл қақты. Қосанов та барлығына қарсы шыққан “Зеленский” болып, азаматтық қоғамда  өз қызметін дәл орындады.  

Бойкот жариялағандардың ойынша, кімге дауыс берсе де, бәрі дауыс санау кезінде шешіледі. Бірақ, желіде тараған видеоларды қарасақ, жәшікке салынып жатқан "жасанды дауыс" бұл жүйенің әлі күшінде екенін көрсетеді. Елдегі күрделі билік транзиті кезінде сенім артып, артынан Қосановқа алданып қалған жұрт пен бойкот жариялағандар оған екіжақты   қысым жасады деуге болады. 

Келесі сайлау бұдан да қызық болайын деп тұр... 

Ильдар Адильченов

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір