• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 02:44:35
Алматы
+12°

05 Маусым, 2019 Ғылым-білім

ҰБТ: Білім гранттарын бөлу форматына өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік гранттар мамандық бойынша бөлініп келсе, ендігі кезекте білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінеді.

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) өткізілу форматына қатысты ешқандай өзгерістер болмағанымен, білім беру гранттарын бөлу үрдісіне бірқатар өзгерістер енгізілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Бұрын-соңды ЖОО мемлекеттік гранттары мамандық бойынша бөлінетін болса, ендігі кезекте білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінетін болады. Аталмыш топтарға жоғары оқу орындарының бір немесе бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді.  Барлығы 97 топ бар. 

Мәселен, маусым айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудегі сынақты талапкер «Математика» + «Физика» пәндерінің комбинациясы бойынша тапсырады делік. Сәйкесінше, талапкер үшін білім беру бағдарламасының тобын ұсынылған 25 бағдарламаның ішінен таңдап алу мүмкіндігі туындайды. Төменде пәндер комбинациясы мен сәйкесінше білім беру бағдарламалары топтарының көлемі ұсынылған:   
"Биология" + "География" - 9 
"Дүниежүзі тарихы" + "География" - 4 
"Математика" + "Физика" - 25 
"Химия" + "Биология" - 16 
"География" + " Дүниежүзі тарихы " - 1 
"Қазақ тілі" + "Қазақ әдебиеті" - 3 
"Орыс тілі" + "Орыс әдебиеті" - 3 
"Шет тілі" + " Дүниежүзі тарихы" - 5 
"Математика" + "География" - 9 
"Дүниежүзі тарихы" + "Адам. Қоғам. Заң" - 2 
"Химия" + "Физика" - 1 
"География" + "Шет тілі" – 2  
Шығармашылық емтихан + Шығармашылық емтихан (білім беру бағдарламалары топтарының саны - 9).  

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, түлектер үшін өздері таңдаған ЖОО-ға оңай түсуге қосымша мүмкіндік беретін жаңашылдықтарға тағы бір мәрте тоқталып кеткіміз келеді: ҰБТ-ны енді жылына 4 рет тапсыруға болады. Тестілеуді тапсырған сайын әр түрлі пәндер комбинациясын таңдауға болады. Білім беру гранттарын жеңіп алу үшін талапкер міндетті түрде жазғы ҰБТ тапсыруы қажет. 

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының түлектері ҰБТ тапсырмай-ақ, өз мамандығы бойынша қысқартылған бағдарлама бойынша оқуын жалғастыра отырып, ЖОО-ға ақылы негізде түсе алады. Оқуға түсу үшін ЖОО емтихандарының нәтижелері жеткілікті.Сонымен қатар, кешенді тестілеу (КТ) ҰБТ-мен біріктірілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір