05 Маусым, 2019 Барлық аймақтар
Кәмшат Жолдыбаева асаба болып жүр. Табысы қанша?
Ұжымдық отырыстар мен үйлену тойларында белгілі эстрада әншісі, әртіс Кәмшат Жолдыбаева асабалық қызмет көрсетіп жүр.
Қазір эстрада әншілерінің көпшілігі сахнада бет-бейне қалыптастырып, бедел жинап, тойдан табыс табуға дағдыланып алған. Асаба болып, той басқарып жүргендердің де қатары сирек емес.
Кәмшат Жолдыбаеваның той басқаратынын білген желі қолданушылары өз таңданыстарын жасырмады. Тіпті, оның сахнадағы әріптес-замандастары да бұл жаңалыққа бас шайқап, пікір білдіруде.
"Кәмшаттың тойда жүргізуші қызметін көрсететінін білмеппін, естімедім де. Ол жақсы жүргізуші болуы мүмкін, бірақ асаба бола алмайды. Жалпы, әйел адамдар ер жігіттер секілді жақсы тамада болады деп ойламаймын", - дейді Мақсат Базарбаев.
Белгісіз дереккөздердегі ақпаратқа сенсек, Кәмшаттың тойдағы табысы орта есеппен 1,2 миллион теңгені құрайды. Ал Кәмшатпен жақын сыйласатын құрбы-құрдастары оның той жүргізетініне күмән келтірмейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір