05 Маусым, 2019 Әлеумет
Нұр-сұлтанда көпбалалы аналарға жаңа пәтерлердің сертификаты беріледі
Көпбалалы отбасыларға арналған 150 пәтер қалалық «Берекелі баспана» қалалық бағдарламасы аясында табысталады.
Нұр-Сұлтанда ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін атап өту аясында қалалық әкімдік «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға жалға берілетін 150 пәтердің сертификаттарын беруді бастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі akimat_nur_sultan парақшасына сілтеме жасап.
Пәтерлерді беру екі кезеңнен тұрады. Оның алғашы кезеңінде 17 маусымға дейін құжаттар жинау және қабылдау, ал екінші кезеңінде 15 шілдеден бастап қоныстандыру жұмыстары жүргізіледі.
⠀
Әкімдікте атап өткендей, қабылданып жатқан шаралар аз қамтылған көпбалалы отбасылардың баспана жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарының әл-ауқатының жоғарылауына септігін тигізеді.
⠀
Айта кетейік, бүгінде елордада 46 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 3000-нан астамы көпбалалы отбасылар.
⠀
Тұрғын үй кезегінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар тұр, олардың қатарында көпбалалы аналар, тұрмысы төмен азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Елордада осы жылдың соңына дейін шамамен 2 мың пәтер беріледі.
⠀
«Көпбалалы отбасы» санатында тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Р.Қошқарбаев, 39) жүгінуі тиіс, байланыс нөмірі: 79-34-50.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір