• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 12:46:20
+12°

04 Маусым, 2019 NEWS

Білім гранттарын бөлудің соңы дауға ұласты (видео)

Түркістан облыстық білім басқармасындағылар құлағы нашар еститін балаларға арналған интернат түлектері атынан арыз жазып, мүгедектерге арналмаған кәдімгі колледжге грант бөліп жіберген дейді ата-аналар.

Шымкентте мүгедек балалар шенеуніктердің шешімі салдарынан арнайы орта білім алу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. "Түркістан облыстық білім басқармасындағылар құлағы нашар еститін балаларға арналған интернат түлектері атынан арыз жазып, мүгедектерге арналмаған кәдімгі колледжге грант бөліп жіберген" дейді ата-аналар.

Осыған наразы арнайы мектеп-интернаттың түлектері мен ата-аналар жиналып, білім грантын инклюзивті кабинеттері бар колледжге бөлуін талап етті. Мылқау, құлағы естімейтін бұл балалар биыл ғана Леңгірдегі арнайы мектеп-интернатты тәмәмдап, оқуын Шымкенттегі №5 - колледжде жалғастыруы тиіс еді. Ата-аналар ол үшін былтырдан бері колледждің өзі мен облыстық білім басқармасына бірнеше арыз жазған. Бірақ мамыр айының аяғында грант Түркістандағы мүгедектерге жағдай жасалмаған өзге оқу орнына бөлінгенін бір-ақ біліпті.

"Мамандар жоқ. 5 колледжге балалар барады деп жазған себебіміз, №5 колледжде сурдолог, логопед  дефектолог бар", - деді Шымкент қаласының тұрғыны Жанар Сманова.

Ата-аналар өздерінің атынан арыз жазылып, гранттың басқа жаққа бөлінгенін біле сала, Түркістан облыстық білім басқармасына барған. Алайда педагог-шенеуніктер «грант ұнамаса, балаларыңды ақылы түрде оқытыңдар» деп шығарып салды" дейді. Ал бөлім басшысы Рахия Асанова тігіншілікке 21 грант бөлінгенін айтады. Бірақ мүгедек балалар мен ата-аналары оған мұрын шүйіре қарап отырған көрінеді.

"Базасы өте жақсы. №5-колледжден ешқандай кемдігі жоқ. Жұмыс жүріп жатыр. "Түркістанға келмейміз, шіріп кеткен" дейді. Әкімнен бастап осы жерде тұрып жатырмыз", - деп мәлімдедеме жасады Түркістан облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Рахия Асанова.

"Ата-аналардың арызын ескермеуін облыс шенеуніктерінің немқұрайдылығы" деген шымкенттік білім басқармасындағылар, енді бөлініп қойған грантты қайта жасақтау керектігін айтады. Әкімдік алдына жиналғандарды «балалар қыркүйекте қалаған оқу ордасына барады» деп сендірді.

"Бұл енді кішкене уақыт алады. Дегенмен, қыркүйекте балалардың барлығы өзінің таңдаған №5-колледжінде грант негізінде білім алады. Жалпы бас-аяғы 50 баланы грантпен қамтуға жағдай жасаймыз", - деді Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева ханым.

Есту қабілеті нашар, сөйлей алмайтын балалар мен ата-аналар бұл жолы да шенеуніктердің уәдесіне сеніп тарқасты. Енді уағда бойынша олар Түркістанда емес, Шымкентте оқуы тиіс. Ата-аналар өтінішін назарға алмай, "өзімбілемдікке" салынған облыстық білім басқармасы да жұмыссыз қалмайды. Енді олардың алдында мүгедектер бас тартқан 21 гранттың ақшасын бюджетке кері қайтару мәселесі тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір