• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 00:12:53
Алматы
+12°

29 Мамыр, 2019 Әлеумет

Шөкеев мырза! Түркістанда Абылайдың сүйегін таптап, еврейдің зиратын сақтайтын не күн туды?

Өзге ұлттың тәу ететін зираттарын эксковатордың шынжыр табанына салып үгітіп жіберу емес – көптің көксегені.

Абылай ханның сүйегі Горбаечев кезінде экскаватордың шынжыр табанына тапталып кеткені тілге тиек етілмей келеді. Ал Түркістан облысы басшылығы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағындағы мәр-мәр тастары күнге шағылысып, алыстан менмұндалап тұратын еврей халқының қорымын алып тастауға бата алмай отыр.

Әңгімені басынан тарқаталық. Біріншіден, Абылай сүйегі туралы сөзді жанымыздан қосып отырған жоқпыз. Бұл туралы сөз қозғауға атақты журналист Ордабек Шаяхметовтың қаламынан туған Кешегі "Халық жауы", Сталиндік ВКП(б) тарихының оқытушысы, райкомның екінші хатшысы Б. Қонақбаевпен жүргізген сұхбат негізінде жазылған "Түркістан тұтқыны" романында келтірілген деректер негізге алында.

Айталық, бұл кітапта Абылай ханның мүрдесі 1974 жылдың 6-қыркүйегінде күресінге тасталғаны туралы дерек келтіріледі. "Әзірет Сұлтан" кесенесінің маңайын өңдеп, көріктендіру мақсатындағы дренаждық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде, қатардағы экскаваторшы С. Манасуев күйген кірпіштен өрілген мүрдехана мен еңселі адамның сүйегін табады.

Сағана-бейіттің көлемі 6х3 метр. Бұл жайында С. Манасуев өзінің басшысына хабар берген. Бірақ сол жердегі бригаданы басқарып жүрген бастықсымақ оның сөзін жүре тыңдап, қаза беруді бұйырады.

Аталған кітап қазіргі уақытқа дейін еліміздің барлық аймақтарындағы мемлекеттік кітапханаларда, кітап дүкендерінің сөресінде бар. Мемлекет тарапынан оқуға шектеу қойылмаған. Сондықтан, бұл туындыдағы дәйектерге бір кісідей сенуге болады.

Екіншіден, еврейлер қорымын кесене маңынан өзге орынға ауыстыру мәселесі Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері көтеріліп келеді. Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Төреғали Тәшенов те бұл тақырыпқа сөз қосқан уағында. Талап баршаға мәлім. Өзге ұлттың тәу ететін зираттарын экскаватордың шынжыр табанына салып үгітіп жіберу емес – көптің көксегені. Күллі түркі әлемінің рухани һәм мәдени орталығына айналар шаһардың ең киелі орыны саналатын – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің территориясындағы иудейлер қорымын өзге орынға көшіру – ел қалауы.

еврей қорымы

Еврей қорымының Түркістанда орнау тарихы

Түркістанға еврейлердің қай заманда табан тірегенін анық білмейміз. Мүмкін  Самарқант жақтан Әмір Темірмен ілесіп келді ме, әлде Түркістан Қоқан хандығына қараған тұста келді ме екен? Әйтеуір көне көздер шаһарда еврей кварталы мен синагога біз есімізді білетін кезден бар дейді. Жергілікті еврейлер шаштараз, етікші, тігінші болыпты.  Бірақ  бәрі ауқатты тұрған деседі. Моласына дейін тас дуалмен қоршап тастаған.

Қазір де бұл орынға шетелден арнайы келіп тәу ететін еврейлер баршылық. Соған қарағанда, иудейлердің де бір дөкейі жатыр-ау мұнда?! Жә, бұл болжам ғана.

Шариғат не дейді?

Осыдан тура бір ай бұрын Түркістан қаласындағы жаңа құрылыстардың іргетасын қалау кезінде терең қазылған жерден адам сүйектері табылғаны туралы ақпарат тараған. Ақпарат расталды да.

Осы мәселеге қатысты Түркістан қаласында арнайы баспасөз мәслихаты да өткізілді. Сол мәслихатта ҚМДБ қызметкері қазу барысында шығып жатқан сүйектерге қатысты пікір білдірді.

"Шариғат бойынша қабірстанның ішіне қойылған ең соңғы адамның бейітіне 40 жыл өткеннен кейін, мазарат сүріліп тасталып, орнына құрылыс жұмыстарын жүргізуге болады. Ал егер, басталып кеткен құрылыс аймақтарында атқарылатын қазба жұмыстарында адам сүйектері табылып жатса, ол сүйектер ақ матаға оралып, басқа жерге көміледі", - дейді Түркістан қаласының бас имамы Жүсіпбек Айдарбекұлы.

Бас имамның сөзіне сенсек, құрылыс жұмыстары үшін сүйек ауыстыруда еш әбестік жоқ. Ендеше еврей қорымының қонысын ауыстыруға өзге нендей кедергі бар?

2018 жылдың 10-желтоқсанында Qamshy.kz ақпарат агенттігі тарапынан қойылған сауалға сол уақыттағы әкімі Жансейіт Түймебаевтан жауап болмады. Енді мәселені қайта жаңғыртып, сауалды жаңа әкім Өмірзақ Шөкеев мырзаға жолдаймыз.

Әзірет Сұлтанның нақ түбіндегі еврей қорымын қалай көшіреміз?

Сәулеті артып, келбеті құлпырып келе жатқан рухани ордамыздың ортасындағы еврей қорымын өзге мекенге ауыстыру қажет. Бұл нәрсені аймақ басшылығынан талап ету – ұлтараздық тудыратын мәселе емес. "Халық қаласа, хан түйесін сояды" демекші, елдің талабы – бірауыздан қолданса, оңды шешім, талқыға түспейтін түйін.

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір