• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:42:22
+12°

04 Сәуір, 2015 NEWS

Арандату: "Северный казахстан это русская земля"

Мәжіліс депутаттары ұлтаралық араздықты насихаттайтын кейбір әлеуметтік желілердегі топтарды жабуды ұсынды. Бұл туралы "Қамшы" порталы "Радиоточкаға" сілтеме...

Мәжіліс депутаттары ұлтаралық араздықты насихаттайтын кейбір әлеуметтік желілердегі топтарды жабуды ұсынды. Бұл туралы "Қамшы" порталы "Радиоточкаға" сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бүгін ҚР Мәжіліс депутаттары қазақстандық әлеуметтік желілерде ашықтан-ашық ұлтарылық араздықты қоздыратын, провакациялық мақалалар жарияланатын, елдің территориялық тұтастығына нұқсан келтіруді көздейтін, мемлекетарылық және ұлттар арасында жанжал тудыратын материалдары бар топтарға алаңдаушылық білдірді.

11130562_1640037529549537_1415992357_n

Осындай топтардың бірі мектеп оқушылары арасында кең танымал "Вконтакте" әлеуметтік желісінде "Солтүстік Қазақстан - бұл орыстардың жері" атпен жарияланған.

- Мұндай топтарды құрушылардың мақсаты - Қазақстандағы тынышты бұзуға бағытталған. Әдетте, мұндай топтарды мектеп оқушыларының  назарын аударту үшін жасайтын. Алайда, жоғарыдағы атап көрсетілген топта елдегі жағдайға дистабилизация жасау үшін бағытталып отыр.  Қандай жағдай болмасын, құзырлы орган қызметкерлері топты қатаң қадағалауға алып, тиісті адамдар заң алдында жауап беру керек,-деп есептейді депутат Айқын Қоңыров мырза.

Ал мәжілісмен Алмас Тұртаев болса, мұндай қадамға тек білімі таяз адамдар ғана барады деп есептейді екен.

11132085_1640037516216205_1375495029_n

"Бұл анық - провакация. Біздің елде де, көршілес Ресейде де ақыл-парасаты таяз адамдар көп екені рас. Бұған аса бір назар аударудың қажеті шамалы. Ал мұндай провакациялық топтар біздің елдер арасындағы ынтымақты бұза алмайды. Ал құқық қорғау орындары мұндай топтарды бақылауға алып, жабу керек",-дейді Алмас Тұртаев.

Сондай-ақ, Тәңірберген Бердіоңғаров болса, "құқық қорғау орындары ақпарат таратушы сайттар мен әлеуметтік желілерде  арнайы мониторинг жүргізу керек. Егер ҚР Конституциясы талаптарына сай келмейтін топтар мен желілерді жауып, қатаң қадағалауға алу керек",деп есептейді.

Ал Серік Оспанов "мен бұндай ұлттар арасында араздықты қоздыратын, мемлекеттің территориялық тұтастығына нұқсан келтіруді мақсат тұтқан топтардың ашықтан-ашық жұмыс жасап жатқанына құзырлы органдағылардың бей-жай қарап отырғанына таң қаламын", дейді. Тіпті, Оспанов мырза құқық қорғау органындағылар бұл істі аяғына шығармайынша мен тікелей қадағалайтын боламын деп уәде берген.

11118733_1640037536216203_287749470_n 10581495_1640037539549536_1748440454_n

Нұрзат Тоғжан

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір